Наурыз мейрамы құтты болсын!

Massaget.kz порталы барша қазақстандықтарды 22 Наурыз мейрамымен құттықтайды! Әз Наурыз бүкіл әлем халқы үшін табысты да, шаттыққа толы жыл болсын. Шаңырақтар шайқалмасын, әр үйден бақ-береке кетпесін.

Наурыз – Орта Азия халықтары бес мың жыл бойы тойлап келе жатқан әлемнің ең көне мейрамдарының бірі. Өзінің сан ғасырлық тарихында Наурыз – дəуірлердің байланысын, табиғаттың жаңаруы мен рухани жаңғыруды бейнелейтін жалпыхалықтық жарқын мерекеге айналды.

Наурыз – жалпыхалықтық мейрам. Оның бастауында бейбітшілік, келісім, Отанға деген адал сезім, мақсаттардың бастауы, жаңару жатыр.

Наурыз – туған жеріміздің қайта жаңаруының көрінісі. Баршаларыңызды осынау көктемнің тамаша мерекесі, жыл басы Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз. Ұлыстың ұлы күні əрбір шаңыраққа қуаныш, бақыт, ізгі үміттер ала келсін. Отанымыз Қазақстан гүлдене берсін!

Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Наурыз мейрамы құтты болсын!

Бөлісу: