Наурыз мейрамы қарсаңында өтетін іс-шаралар

Наурыз мейрамы қарсаңында өтетін іс-шаралар
Фото: BNews.kz

Ұлыстың ұлы күні әз Наурыздың келуіне орай Астана мен Алматы қалаларында өтетін мерекелік іс-шаралардың тізімін ұсынамыз.

Биыл да Алматының әр ауданында мерекелік іс-шаралар өтеді. Мерекелік күндер наурыздың 21-нен 24-не дейін жалғасады. Алматының 7 ауданында ашық аспан астындағы фестиваль үлгісінде ұйымдастырылады.

22,23 наурыз - Астана алаңы;

21-24 наурыз - Панфилов, Жібек жолы көшелері;

22 наурыз -  «Halyk Arena» Мұз сарайы;

22 наурыз -  «Алматы Арена» Мұз кешені;

22 наурыз -  «Атакент» ҚІЫО;

23 наурыз - «Сұңқар» Халықаралық трамплиндер кешенінде болады.

Әр алаң кездейсоқ таңдалған жоқ, олардың әрқайсысы Алматының мәдени, спорттық және тарихи игілігін білдіретін, таңдаулы орындардың бірі саналады. 7 саны - осы бірегей әрі ерекше мерекенің түрлі жеті қырының символына айналмақ. Қаланың символдарына айналған - алма мен қызғалдаққа ерекше көңіл бөлінеді.   

Мерекелеу кезінде жастар ерекше назарда болады, «Жастар жылы» аясында перфоманстар, жәрмеңкелер, ұлттық нақыштағы заманауи өнер көрмелері ұйымдастырылады, сүйікті әртістер өз өнерлерін көрсетеді.

Биылғы көктемгі күн мен түннің теңелу мерекесі қолөнер шеберлерінің келуімен ерекшеленеді. Шеберлер көрмелер мен  жәрмеңкелерге,  шеберлік сабақтарына келушілерге өз өнерлерін таныстыратын болады.                                          

Жаңа жылдың бас мерекесінің келуі ұлттық дәстүрдегі халық серуендерінен басталады, онда шетелден келген қолөнер шеберлері де болады: Түркиядан келген қолөнершілер әдемі ыдыс-аяқ пен шыны әшекей жасауды үйретсе, якут зергерлері асыл тастар туралы баяндайды, ал қырғыз шеберлері ерлерге  ат әбзелдерін жасауды үйрететін болады.  Бұған қоса, жәрмеңкеге келушілерді қышқа және жібек матаға өзбек нақышындағы ою-өрнек салуды,  әйгілі түркмен кілемін тоқуды үйрету бойынша қызықты сабақтар күтеді және де олар жаңа ғана ұстаның қолынан шыққан музыкалық аспаптарда ойнау мүмкіндігіне ие бола алады. 

Сондай-ақ, 22 наурыздан бастап, тура бір айға, 21-ші сәуірге дейін жалғасатын Науқан болады. Жоспар бойынша барлығы 60 тонна көже мен бауырсақ таратылады деп жоспарлануда. Қала тұрғындар мен қонақтары қазақтың ұлттық тағамдарынан дәм татуына болады. 

Ал елордамыз Астанада көктемнің шуақты мерекесі Наурыз мейрамына орайластырылған халықтық серуендер 21 наурызда басталады.

Алты алаңда киіз үйлер тігіліп, этноауылдар ашылады. Келушілер мерекелік концерттік бағдарламалар тамашалап, қазақ күресі, арқан тартыс, гір көтеру, асық ату және армрестлинг сияқты ұлттық спорт түрлерінен күш сынасады. Астана тұрғындары мен қонақтары бауырсақ, палау, наурыз көже, ірімшік тағамдарынан дәм татып, алтыбақан тебеді. Жалпы Наурыз мейрамының құрметіне Астанада 50-ге жуық киіз үй мен 10-нан артық алтыбақан орнатылады.

Сонымен қатар, 22 наурызда ашық алаңдарда да жалпықалалық шаралар өткізіледі. Басты мерекелік шаралар Қазақстанның Тәуелсіздігіне 25 жыл монументінің жанындағы алаңда (ЭКСПО ауданы), әкімдіктің алдындағы Қалалық алаңда, Қазақ Елі монументінің алдындағы алаңда, Жетісу саябағында, «Жастар» сарайының алдындағы алаңда және «Жастар» театрының жанында (ескі вокзал аумағы) ұйымдастырылады.

Наурыз мейрамы күндері елорда тұрғындары мен қонақтары ұлттық этноауылдан басқа, ЭКСПО көрме кешенінің аумағындағы тақырыптық музей–киіз үйлерді, ұлттық салт-дәстүрлерді, театрландырылған қойылымдарды, айтыс пен қазақстандық эстрада жұлдыздарының және қалалық шығармашылық ұжымдардың қатысуымен өтетін концерттерді тамашалай алады. Бұдан басқа, келушілер қышшылардың, зергерлердің, киіз басу мен сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің қолдан жасалған бұйымдарымен танысады.

Қала маңындағы тұрғын алаптарында да халықтық серуендер форматында мерекелік шаралар ұйымдастырылады. 18-22 наурыз аралығында Казгородок (№55 ОМ), Өндіріс (№49 ОМ), Железнодорожный, Интернациональный, Мичурино, Промышленный, Пригородный («Хозяюшка» дүкенінің алдындағы алаң, Новый аэропорт к-сі), Үркер, (№69 мектеп-гимназиясының алдындағы аумақ), Көктал-1 («Наз» Мемлекеттік би театрының аумағы), Көктал-2 (№68 ОМ) тұрғындары Ұлыстың Ұлы күнін тойлайды. Бұдан басқа, «7-Я», «Ақбұлақ таун», «Қайнар», «Апато», «Достар», «Саламат», «Зерде» тұрғын үй кешендерінің ауласында мерекелік бағдарламалар ұйымдастырылады.

Биыл Астанада Наурыз мейрамы құрметіне ірі спорттық шаралар өтеді. 21 наурызда сағат 21:00-де «Астана арена» стадионында футболдан Еуропа Чемпионаты-2020 (EURO-2020) іріктеу циклы аясында Қазақстан мен Шотландия құрама командаларының кездесуі өтеді.

Сондай-ақ, мерекеге орай Қазақ күресінен алғаш рет шығармашылық өкілдері арасында «Өнер Барысы» республикалық турнирі ұйымдастырылады. Бұрын хабарланғандай, дүбірлі дода 21 наурызда сағат 14:00-де «Дәулет» спорт кешенінде өтеді. Елімізге танымал артистер мен музыканттар боз кілемге шығып, белдеседі. 20-дан астам палуанның ішінде бірде бір кәсіпқой спортшы жоқ. Әншілер, айтыскерлер, актерлер, КТА-ға қатысушылар ұлттық спорт түрінен шеберлік байқасады. Қайрат Нұртас, Абай Аязбаев, Серік Ибрагимов, Мейіржан Төребаев, Амангелді Өтешов, Асылхан Төлепов, Артур Төлепов, Аян Өтепберген, Нұрлан Мұсаев, Еркебұлан Дайыров, Әлібек Серғалиев, Нұрболат Абдуллин, Ардак Байғабыл, Ғалым Махамбетов, Ақболат Өтебай, Сырымбет Бибосынов, Хамит Ердехан және басқалары күш сынасады.

Сонымен қатар, 24 наурызда Наурыз мейрамына орай Есіл өзенінің жағасында қалалық триатлон-паркте Astana Nauryz Marathon ірі қайырымдылық спорттық шарасы өткізіледі. Жарыс жолына шыққан 1000 аса адам төрт дистанцияға жүгіреді, кәсіпқойлар – 21 км, әуесқойлар – 10 км, енді ғана жүгіре бастағандар – 5 км, балалар мен жас спортшылар – 500 м. 

Назарларыңызға Наурыз мейрамына орай Астанада өтетін барлық іс-шаралардың күнтізбесін ұсынамыз:

Күні мен уақыты Іс-шара атауы Өтетін орны


18-24 наурыз 10.00-18.00

«Қош келдің, Әз Наурыз!» наурыз мейрамына арналған көрме Сәкен Сейфуллин мұражайы

19 наурыз 19.00

«Ұлы даламның Ұлыс күні» мерекелік концерт

 «Астана» концерт залы
 20 наурыз бір күн бойы

«Төрлет, әз Наурыз!» әңгіме шолу

 Арнайы кітапхана
 18-24 наурыз 10:00-18:00  Қолданбалы өнер көрмесі  Тәуелсіздік сарайы
 19 наурыз 11.00  Наурыз мейрамына арналған мерекелік концерт «Мәңгілік ел» салтанатты қақпасы
 19 наурыз 11.00  Наурыз мейрамына арналған мерекелік концерт және халық серуені Железнодорожный, Промышленный тұрғын алабы
19 наурыз 19.00 «Ұлы даламның Ұлыс күні» мерекелік концерт «Астана» концерт залы
 19 наурыз 19.00  «Халық ән» бөлімінің орындаушылары, «Шалқыма» халық би ансамблі,  Қорқыт» дәстүрлі саз тобы,  эстрада би ансамблінің  «Ұлы даласың Ұлыс күні атты концерті

«Астана» концерт залы

 19 наурыз 19.00  «Қазақ аруы – 2019» байқауы  Бейбітшілік және Келісім Сарайы
 19 наурыз 19.00  «Қош келдің, Наурыз» ән кеші  «Қазақстан» ОКЗ
20 наурыз 10.00  Наурыз мейрамына арналған мерекелік концерт және халық серуені    «Жетісу» саябағы
20 наурыз 10.00  «Жүрекке жылу беретін, Наурыз!» мерекелік шара  №4 балалар кітапханасы
20 наурыз 11.00 «Наурыз – праздник мира и дружбы» мерекелік шарасы Астана қаласының тарихи-мәдени мұра объектілерін және ескерткіштері сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі дирекция
20 наурыз 16.00  «Біз бүгін Наурыз мерекесін тойлауға жиналдық!» жергілікті тарих жинақтары  №8 балалар кітапханасы
21 наурыз 16.00  Наурыз мейрамына арналған мерекелік концерт және халық серуені   Қалалық алаң
 21-22 наурыз 10.00   Наурыз мейрамына арналған мерекелік концерт және халық серуені   «Қазақ Елі» монументі жанындағы алаң 
22 наурыз 10.00-17.00   Наурыз мейрамына арналған мерекелік концерт және халық серуені     ҚР 25 – жылдығына арналған монументтің жанындағы алаң
 21-25 наурыз 10:00-20:00 Наурыз мерекесіне арналған көрме-жәрмеңкесі  «Астана» концерт залы
 21 наурыз 11.00  Наурыз мейрамына арналған мерекелік концерт және халық серуені   «Пригородный», «Үркер» тұрғын  алаптары
 21-22 наурыз 10.00  Наурыз мейрамына арналған мерекелік концерт және халық серуені   «Жастар» сарайы
 21 наурыз 14.00 «Өнер Барысы – 2019» қазақша күрес  «Дәулет» СК
22-24 наурыз 9.00  Наурыз мейрамына арналған теннистен әуесқойлар арасындағы «Astana Open» халықаралық турнирі  «Дәулет» СК
22 наурыз 10:00  «Наз» мемлекеттік би театрының қалалық Наурыз мейрамы мерекесіне қатысу  «Наз» мемлекеттік би театры
22 наурыз 11:00  Наурыз мейрамына арналған мерекелік концерт және халық серуені    «Казгородок» №55 орта мектебі, «Өндіріс» №49
 22 наурыз 11:00  «Наурыз» мерекесіне арналған концерттік бағдарлама және спорт ойындары  «Жастар» театры
22 наурыз 11:00  Наурыз мейрамына арналған мерекелік концерт және халық серуені   Көктал-1
24 наурыз 8:00  «Astana Nauryz Marathon» жеңілатлетикалық жүгіріс  Астана Триатлон саябағы
30 наурыз 10.00  Асық атудан «Наурыз» мерекесіне арналған бес асықтан қалалық ашық  біріншілігі  №18 мектеп


Дереккөз: Астана қаласының Мәдениет және спорт басқармасы және 
Алматы қаласының Мәдениет басқармасы

А. Рысдәулет