Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

20 жасқа дейін...
20 жасқа дейін...

Автор: Томирис Есқали

Статус: Контент-менеджер

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Арнайы жобалар / 22 наурыз 2017 / Наурыз мейрамы (сценарий)

Наурыз мейрамы (сценарий)

Наурыз мейрамы (сценарий)

Залдың төр жақ шетінде ақбоз үйдің жарты көрінісі қойылған. Ішіне ұлттық үй жиһаздары жиналған. Көрпелер төселіп, әр жерден жастық тасталған төрде әже отыр. Үй алдында  немересі асық ойнап жүр. Даладан ат дүбірі, иттің үрген даусы естіледі. 

Әже: Балам, қонақтар келді ғой деймін, аттарын байлап, үйге кіргізіңдер.

2-Бала: Мақұл, әже. (деп, жүгіріп шығып кетеді де, бүкіл балалармен, жүргізушімен бастап кіреді)

Жүргізуші: Амансыз ба, апа?

Әже: Амансыздар ма, құлындарым?

Балалар: Сәлеметсіз бе!

Жүргізуші: Апа, Наурыз мерекесін әжеміздің ақбоз үйінде өткіземіз. Өзіңізді немелеріңізбен іздеп келдік.

Әже: Ой, айналайындар. Бәсе, бәсе. Өзім де сендерді сағынып жүр едім. Келіңдер,төрлетіңдер!

Жүргізуші: Ендеше, Наурыз кұтты болсын, әжесі. Өзіңізді, мына балаларды, барлық қонақтарды Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз.

1-бала: Әдептен озып аспайық,

Үйренуден қашпайық.

Мейірімді, әже, өзің айт,

Тойды неден бастайық?

Әже: Бізге жаңа жылды көктем әкеледі, қарағым. Көктемнен бастаңдар.

Есіктен көк көйлекті көктем кіреді.

Көктем: Мен көңілді көктеммін,

Былтыр келіп кеткенмін.

Көзін ашып бұлақтың,

Түбіне тал-бұтақтың.

Жыл бойымен жарысқан,

Күн мен түнді теңеймін.

Жер қабатын өңдеймін.

Гүл болып кырда егілем,

Дән болып жерге себілем.

Жаңбыр болып жауам да,

Нұр болып көктен төгілем.

Шуағын төгем әлемге

Қуатын күннің әкелем.

Табиғаттың төсіне,

Тіршілігін әперем.

Қыстың қалың киімін,

Шешіп өзім тастаймын.

Наурыз болып еліме,

Жаңа жылды  бастаймын.

 

Мади: Көктем, сені күттім мен,

Көк шалғынды сағынып.

Жүретін әсем гүліңді,

Шаштарыма тағынып.

Сұлтан: Сені күттім, Наурызым,

Көктем боп қашан келер деп.

Берекелі мерекең,

Куанышқа бөлер деп.

Ойрат: Бүршік жарып жапырақ,

Жаяды көктеп тал біткен.

Айран, сүтін көбейтіп,

Көктемде төлдер мал біткен.

Жүргізуші: Ой, рахмет, балалар, көктем жайлы жақсы тақпақтар біледі екенсіңдер.

Көктем: Балалар, мен сеңдерге ризашылығымды білдіріп, мына гүлдерімді сыйламақшымын. Осы гүлдей жайнап жүре беріңдер. (балалар гүл мен көктемді ортаға алып жаттығу жасайды)

Көктем: Мен сендерге Наурыз болып кірдім, енді төрлеріңнен орын аламын. (Әженің қасына барып отырады).

Жүргізуші: Қане балалар, көктемге өз өнерімізді көрсетейік қыздарымыздың орындауында «Айгөлек» биі

5-бала: Көрініп жиі күлімдеп,    Алдияр

Төбеден күн күледі.

Ұшып кеткен құстар да,

Көктемде қайтып келеді.

6-бала: Жылынсын деп бар әлем,   Акторе

Жылы көже береді.

Анамның Наурыз көжесін,

Іше бергім келеді.

Жүргізуші: Келесі тыңдайтын әндеріңіз «Қошақан» әні

Әже: Қарашықтарым менің, өлеңді қандай жақсы айтасыңдар. Ал, енді отырып дем алыңдар.

Жүргізуші: Әже, Наурыз таңын қарсы аларда ырымдар жасап жүруші едіңіз ғой. Солардың сырын айтып берсеңіз.

Әже: Иә, балаларым,   бұл күні адамдар таза киініп, төс қақтырып амандасады. Ауласын тазалап тал егеді. Бұлақтың көзін ашып, су жібереді. Жылы көже жасайды. Ол өте дәмді көже, бұйыртса, бүгін сол көжеден ауыз тиіп қайтасыңдар.

Жүргізуші: Әжесі, немелеріңіз өзіңізге арнап бір ән айтқысы келіп отыр.

Әже: Айтыңдар, қарақтарым, айтыңдар. Әй, айналайындар, өздерің келіп, бір жасап қалдым ғой, мен де.

Ән «Ертегілер»   

Жүргізуші: Тарсылдатып келе жатқан кім десем, сен екенсің ғой. Әлі күнге амандасуды да үйренбегенсің бе, қайран Дымбілмесім-ай…

Дымбілмес: Немене, мына балалар бірдеме біледі дейсің бе? – деп мұрнын бір тартып, қисаң-қисаң етеді.

Жүргізуші: Сен жасыңа қарамай осы балалардың білгенін де білмейсің ғой. Балалар, жаңылтпаш айтыңдаршы. Дымбілмес қайталасын.

Гүлсезім Торта қойдым             Томирис Жағажай

Орта қойдым                             Жағажайда Қамажай

Орта қойдым

Жорта қойдым

Әйгерім Ян-ян-ян

Жүгіріп жүр қоян

Ян-ян-ян

Бұл қоян емес шаян

Мақал   Жания өнер алды қызыл тіл   Инабат Әдепті бала арлы бала

Әдепсіз бала сорлы бала

Алима   Ата бәйтерек, бала жапырақ

(балалар айтады, Дымбылмес бұзып қайталайды) Жұмбақ жасырыңдаршы. Дымбілмес шешуін тапсын (айта алмайды).

Дымбілмес: Балаларыңыз мақтанбасын, мен ойыннан бәрін ұтамын. Мен бұлардан күштімін.

Жүргізуші: Жарайды онда күшіңді көрейік. Қане, балалар, Дымбілмеспен «Арқан тарту» ойынын ойнайық.

Ойын «Арқан тарту»

Әже: Дымбілмес, қарағым, Наурыз күні өзінің қателігін мойындап, талаптанған кісінің де жолы болады делінген.

Дымбілмес: Жарайды, әже, мен бүгіннен бастап мектепке келіп, білмегенімді үйренетін боламын. Рұқсат болса, қазірден бастап қалайын.

Әже: Иә, шырақтарым, биыл бізге мешін  жылы кіреді. Мешін жылдарың кұтты болсын!

Мешін киімін киген бала жүгіріп кіреді, балалар көңілді би билейді (қара жорға биі).

Мешін: Жаңа жылдарың құтты болсын.

Жүргізуші: Қош келдің мешін жылы, төрлет!

Жүргізуші: Бүгінгі Наурыз мерекесінде ата-бабамыздан келе жатқан  салт-дәстүрлеріміздің бірі   «Тұсау кесу» дәстүрін тамашалаймыз!

(Тұсау кесу дәстүрінен көрініс)

Жүргізуші: Ал енді назарларыңызға «Батырлар биі» ұсынамыз тамашалаңыздар!

Жүргізуші: Келесі тыңдайтын әндеріңіз: «Қазақ дәстүрлері» орындайтын Инабат

Жүргізуші: Бүгінгі Наурыз мерекесінде ата-бабамыздан келе жатқан  салт-дәстүрлеріміздің бірі «Тұсау кесу» дәстүрін тамашалаймыз!

(Тұсау кесу дәстүрінен көрініс)

Жүргізуші: Осымен біздің шағын мерекеміз аяқталды. Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі құтты болсын! Келесі Наурыз мерекесіне дейін сау болыңыздар!

bilimainasy.kz

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Әсел Асанова
Фото: almaobledu-gov.kz
Қосылған күні: 11 ақпан, 13:06
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.