Наурыз жайлы үздік ән

Наурыз жайлы үздік ән
Фото: vk.com

Наурыз дегенде, есімізге Роза Рымбаеваның "Наурыз" әні түседі. Жыл сайын Наурыз мейрамының шымылдығын осы бір керемет ән ашады десек, артық емес. Ендеше патша көңілді оқырман назарына "Наурыз" әнін ұсынамыз. Көңілдеріңіз көтеріңкі болсын! 

Наурыз

Сөзі: М.Мақатаев

Әні: Т.Сарыбаев

Наурыз айы туғанда
Той болушы еді бұл маңда.
Сақталушы еді сыбаға
Сапарға кеткен ұлдарға,
Наурыз айы туғанда.

Қайырмасы:

Наурыз, наурыз, күн игі!
Күні игі жердің - түрі игі.
Бауыры жылып науат-қар,
Бабымен ғана жібиді.
Шашылып ырыс шанақтан,
Шақырып бір үй бір үйді,
Шаттанушы еді бір игі.

Осынау игі кең жерге
Наурыз айы келгенде,
Наурыз тойын бергенде,
Көрмегендер де - арманда,
Арманда - оны көрген де.
Келіп ем өмір - орманға,
Наурыз айы келгенде.


М. Оңғарова