Наурызды 30 елде 300 миллион адам тойлауда

Наурызды 30 елде 300 миллион адам тойлауда
Фото: vk.com

Наурызды 30 елде 300 миллионнан аса адам тойлауда. Ресейде Наурызды Татарстан, Башқұртстан, Дағыстан елдері атап өтуде. 2010 жылы БҰҰ "халықаралық күн" деп таныған Ұлы мейрамды Әзірбайжан мемлекеттік деңгейде тойлауда. Иранда Наурызда жұмыртқа бояу дәстүрі бар. Ұлы мейрам Өзбекстанда, Қырғызстанда, Түркияда, Түрікменстанда, Тәжікстанда, Ауғанстанда, Үндістанда тойлануда. Қазақ елінің түкпір-түкпірі Наурызды атап өтуде. 

21-нен 22-сіне қараған түннен басталатын мереке әу бастан жаңа өмір мен ізгіліктің, жақсылықтың бастауы болған. Не үшін Ұлыстың Ұлы күні аталады? Бұл жөнінде мынандай аңыз бар: Бір күні Нұх пайғамбардың кемесі Қазығұрт тауына келген сәтте жердің бетін жайлаған топан су кері қайтады. Сол сәт жер бетіне табаны тиген барлық тіршілік иесі көк аспаннан түскен қасиетті қазаннан бірге дәм татады. Содан, бұл күнді – ұлыстың ұлы күні деп жариялайды. Наурызды тойлау тарихы Ұлы Абай өзінің «Біраз сөзі қазақтың қайдан шыққаны туралы» жазбасында Наурыз тарихын көшпелі халықтардың «хибиғи», «хұзағи» деп аталатын көне заманына ұштастырады. Парсының «нау» сөзі әртүрлі өзгеріске ұшырағанымен, сол мағынада көп халықтың тілінде сақталып қалған. Қазақтың көне шежіресінде де Наурыз, Алаш деген сөздер бар. 

М. Оңғарова