Наурызша деген не?

Наурызша деген не?
Фото: oazis-cvetov.ru

Қазақ тілінің сөздік қорында «наурызша» деген сөздің барын біріміз білсек, біріміз білмейміз. Білсек те бұл күнде көп ести бермейміз. Наурызша – наурыздағы қар атауы.

«Наурызша» – жыл басындағы жылылықтың белгісі. Наурыз айында ашық күндері қолдан жасаған ою-өрнек секілді жұп-жұқа қиыршық қар түседі. Қырбақ, қарайған жерді жасыра алмай, қылаулап жауған жұқа қар күн көзіне шашырап, жылтылдап құбылады. Анықтап қарағанда, басқа қар қиыршықтарындай емес, жеңіл де үлпілдек болады. Осы қарды наурызша деп атайды.

Қазақтың әдет-ғұрпына зер салсақ, наурызда жауған қарды жақсы ырымға балаған. Бізге жеткен қазақ аңыздарында қыздың сұлулығы Наурыздың ақ қарына балана суреттелген теңеулер жетерлік. Наурызшадан бөлек, наурызда жауатын «Наурыздың ақша қары» да бар.

Анықтап қарағанда, басқа қар қиыршықтарындай есе, жеңіл де үлпілдек болады. 

Ө. Сансызбай