Наурыз: қалада және ауылда

Наурыз – түркі халықтарына ортақ мейрам. Мұсылман елдерінің есебі бойынша келетін жаңа жыл. Көктемнің алғашқы шуақты күндерімен қатар келетін бұл мерекенің қазақ халқы үшін орны ерекше. 

Самарқанның тасын еріткен мерекені тойлау үшін түркі халықтары бір ай бұрын дайындық жасайды. Себебі наурыз бірлікке шақыратын, ренжіскендерді табыстырып, ажырасқанды қосып, қоштасқанды қайта қауыштыратын мереке. Наурыздың елімізде жаппай тойлануы тәуелсіздік алған жылдардан кейін кең етек ала бастады. Дегенмен мерекені тойлау қалада және ауылда басқаша. 

Наурыз мерекесі: ауылда 

Мереке кезінде ауыл сыртынан көз салсаңыз абыр-сабыр болып жатқан жұртты көресіз. Ауылда мерекенің ерекше өтуі қаладағыдай көрінбейді. Себебі апаларымыз кимешек пен камзолын жыл бойына киеді. Қыздарымыз бұрымдарын жыл бойына өріп, аталарымыз оюлы киімдерін әрбір кеш сайын киеді. Бұл қалыпты жағдай болып қана қала бермек. Ал тойдың ең үлкені ақ дастарханда. Қыстан қалған соғымның сүрленген дәмі дастарханның сәнін келтіреді. Қаладан айырмасы мұнда бәрі табиғат аясында сурттеледі. Себебі үлкен тай қазандар тартылып, үлкен ас қайнайды. Жеті дәмнен бүкіл ауыл болып дәм ауыз тиіп, үлкендер жағы баталарын беріп, жастары ұлттық ойынға қам жасайды. «Көкпар тартыс», «асық ату», «алтыбақан» сынды ойындар ойналып, аядай ғана санаулы шаңырақты елдің берекесін кіргізеді. 

Мереке күні ауыл бәрбір қаладағыдай демалыс алып демалмайды. Өйткені ауылда әрбір күн күйбең тіршілік. Әсіресе қорадаға қойы мен сиыры бар жұрттың бір күн таңда оянбай, кеште тұрмай қалған сәті болған емес. Өріске малын айдап, тойын тойлатып, бәріне үлгереді. Бұл үрдіс наурыз кезінде де орын алады. Ең қызығы ауылдағы жұрт бұл мерекені күнде тойлап жүргендей сезім қалдырады. 

Наурыз мерекесі: қалада 

Қаладағы наурыз мерекесінің тойлануы мүлде басқа. Себебі мұндағы адамдар күнделікті оюлы киім киім, әжелері кимешекпен жүрмейді. Заманауи үлгідегі киімдер киіп, барынша табиғи көрінуден аулақ жүреді. Себебі тыныс-тіршілік сондай. 

Наурыз мерекесі келгенін тек сол мезгілде ғана сезінесіз. Яғни киіз үйлер тігіліп, адамдар оюлы киімдер киіп, оның өзінде сән немесе қажеттілік үшін ғана. Дәл осы күні жыл бойына бас қоспайтын адамдар абыр-сабыр жиналып, бас қосып той тойлайды. Той ауылдағыдай ұзағынан созылып жата бермейді. Арнайы демалыс алып, жұмыс бабынан тыс қана тойлатып өтеді. 

Үлкендер жағы бата беру салты қалада да бар әрине. Дегенмен ол қариялардың да көздері тапшы. Заманның ағымына еріп, әбден дамудың сатысына жеткен қаладағы наурыз мерекесі жасанды дүниеге толы. Тек бар кезде ғана тойлаймыз, жоқ болса ол туралы ойламаймыз да. 

Тай қазан тартыла бермейді. Себебі даладағыдай бәріне мүмкіндік жоқ. Айналдырған төрт қабырға ішінде сол отбасына шақтап қана жеті дәмнен көже жасалады. Оның өзінде жеті дәмге не қосарын білмей алаң болады. 

Концерттік бағдарламалар ұйымдастырылып, құттықтау хаттары оқылады. Бұл мерекені тым ресми қабылдауға алып келеді. Сондықтан болар ауылдағы наурыздың қаладағы наурыздан бәсі артық. 

Келе жатқан жаңа жыл, жаңа күн құтты болсын! Ауылға барыңыздар!