Күн мен түн теңелген кездің денсаулыққа әсері

Күн мен түн теңелген кездің денсаулыққа әсері
Фото: 1720.kz

Күн мен түн теңелген сәтте солтүстік шығыстан көтеріліп, солтүстік батысты бетке айнала қозғалған Күннің энергиясынан Жер бетіндегі тіршілікке жаңа тыныс беріледі.

Қар ызғары топырақтан түгел ажырайды. Кейде күн күркіреп, жаңбыр жауады. Ағаш діңі ісініп, босаңсып, бүршік жаруға дайындала бас тайды. Жер дегі көктің қалдығы қайтадан нәр алып, тіріледі.

Табиғаттағы өзгерістің бәрі тіршілікке оң әсер етпеуі мүмкін. Бұл шақта қыстан шыққан адамның ағзасы әлсірейді, созылмалы аурулар асқынып жатады. Жуан жіңішкеріп, жіңішке үзілетін шаққа халқымыз ертеден қамданып, соғымынан, басқа да жылы-жұмс ғынан қалдыратыны содан. Әсіресе бүйрегі, бауыры ауыратын адамдарға бұл кез ауыр соғады. Дегенмен бұл – өтпелі кезең. 

Н. Үсенова