Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Арнайы жобалар / 22 наурыз 2016 / Наурыз мейрамының мәні тереңденіп келеді

Наурыз мейрамының мәні тереңденіп келеді

Наурыз мейрамының мәні тереңденіп келеді

Ұлыстың ұлы күніне баланатын Наурыз – жыл басы, көктем мерекесі, жаңару мен тазару күні, алыс-жақын туыстармен көрісу, көрші-қолаң, ағайынмен қауышып, жақындасу мейрамы.

Шыны керек, ұлт зиялы­лары осы күнге дейін Наурыздың тойлануына көңілдерінің толмай­ты­нын айтып, оның науқандық сипатта өтіп, киіз үй тігіліп, шапан киіліп, көже ішумен шектелетін қойылымға айнал­ғанын баспасөз беттерінде талай сынап жүрді. 

Айжан Бекқұлованың айтуынша, бүгінде «Қазақстанда жасалған» деген атқа ие, «қазақ брендіне» айналып отыр­ған қолөнер туындыларына ха­лықаралық ұйым өкілдері де қызығу­шылық танытып отыр. Өз кезегінде қолөнерші қазақстандық шеберлердің қолынан шыққан тұскиіздерді, тіпті ЮНЕСКО сияқты ірі халықаралық ұйымда қызмет ететін азаматтар сатып алып, оны «Қазақстанның бір бөлі­гіне» балап, өз кеңсесіне іліп қояды екен.

Маманның айтуынша, бұл отандық өнімдердің сапасын көрсетумен қатар, қазақ халқына деген жоғары құрметті де айғақтайды. Осылайша ойын жал­ғастырған ол: «Жақында біз Италияда өткен қолөнершілер көрмесіне қатыс­тық. Таңғалғаным, Қырғызстаннан келген әріптестеріміз біздің шебер­леріміз дайындаған тұскиізді көріп: «Неге сіз антиквариатқа жататын тұс­киізді әкелдіңіз? Талап бойынша, ба­йыр­ғы заманда емес, қазіргі күні да­йындалған өнім болуы керек қой...» – деп ренжіді.

Кейін олар тұскиіздің ескі технологиялармен, бірақ қазіргі заман­да жасалғанын көріп таң қалысты. Қырғыздарды біздің шеберлердің сон­дай ауқымды жобалармен айналысып жатқаны таңдай қақтырып отыр» дейді. 

Қолөнершінің сөзінің жаны бар. Жылда тойланатын Астана күнінде Ханшатырдың маңында киіз үйлер ті­гіліп, этноауылдың бой көтеретіні мә­лім. Байқауымызша, Орталық Азия аймағынан келетін шеберлердің ұлт­­-тық өнімдері жылда қайталанады, жаңа ұсыныстар, тың бастамалар мен ізде­ністердің бары байқалмайды. Есесіне, жергілікті қазақ қолөнершілерінің жаңа заманғы бастамаларынан бөлек, Қытай, Моңғолияда тұратын бауыр­ла­рымыздың да ұлттық өнімдерді жаңа сатыға көтеру қадамдары таңғалды­рады. Мәселен, Қытайда өндірілген «Элек­тронды қазақ үй» Қазақстанда жасалған «Даналық әліппесі», «Абай­тану әліппесімен» қатар даналықты дәріптейтін заманауи тәрбие құрал­да­рының қатарына еніп отыр. Сол сияқты электронды бесіктер, заманауи ұлт-аспаптары, т.б. өнімдер отандық шебер­лер ізденісінің сәтті аяқталып жатқа­нын көрсетеді. Наурыз жәрмең­келерінде ұсынылып жүрген осы тектес туын­дылар тек жергілікті халықтың ғана емес, жалпы, шетелдік туристер­-дің де жылы ықыласын туғызып отыр­ғаны анық. 

Бір әттеген-айы, қазақтың қазақ­тығын танытатын этноауылдардың тұрақты түрде жұмыс істемей, тек ме­рекелік шараларға орай бой көтеріп оты­руы. Әрине, соңғы кездері жыл бойы жұмыс істейтін этноауылдарды салу бастамасы да жиі көтеріліп келеді. Бұл орайда EXPO-2017 көрмесіне қазақ халқының бүкіл мәдениетін екі күн ішінде шетелдік туристерге танысты­руға мүмкіндік беретін этноауылдың салынатыны жария етілген еді. Бұл бас­тама да тек қазақтың қолөнер туын­дыларын ғана емес, жалпы, отандық ше­берлердің есімдерін күллі әлемге та­нытуға жол ашатын мүмкіндік болса керек. 

Наурыз Қазақстанда тұратын қазақ ұлты мен түркітілдес, бауырлас ха­лықтар үшін төл мерекесі болса, өзге этнос өкілдеріне әу бастан сәл таң­сық­тау мейрам болғаны мәлім. Десе де, Нау­рыздың 1988 жылдан бері тұрақты түрде әрі кең көлемде аталып өтуі бар­ша қазақстандықтардың басын бірік­тіруге оң ықпал етуде. Бүгінде елімізде тұратын орыстар мен немістер, ук­раин­дар мен кәрістер де наурызды асыға күтетінін жеткізеді.

Наурыз үш күн бойы демалатын мереке сипатынан шығып, үш күн бойы ел аралап, көрші-қолаңды құттықтап, өзара жақында­судың мейрамына, былайша айтсақ, ұлтты ұйыстыратын айтулы күндердің біріне айналып отыр. Қуантарлығы, мұндай мерекелік күндері қазақстан­дықтар шетелге емес, елдің өз ішінде демалуды әдетке айналдырып, биік ғи­мараттары аспанмен түйіскен Астанаға немесе көктемнің иісі ерте сезілетін Алматыға жер-жерден келіп, ірі мега­полистерді аралап, шоппинг жасауға дағдыланып келеді. Оның үстіне, ірі қалаларда бұл күндері әрқилы жәр­меңкелер мен көрмелер, қойылымдар мен мерекелік концерттер көп ұйым­дастырылады. Тіпті, алдын ала қайда барамыз деп шешіп алмасаңыздар, Нау­рыздың ең қызықты шараларынан тыс қалуыңыз мүмкін. 

Бұл күндері тек ауылдарда ғана емес, Астана мен Алматы сияқты ірі қалаларда тұрғындардың ұлттық кам­зол, бешпет, тақия киіп, көшеге шығып, ұлттық киімдерді насихаттап жүргені қуантады. Тіпті Қазақстанның Батыс бөлігінде соң­ғы 5-6 жылда 14 наурыз – көрісу күнінен бастап жұмысқа ұлттық ою-өрнекпен көмкерілген камзолдарды киіп келу үрдісі кең жайылып жатыр екен. Әлеуметтік желілерде де көптеген азаматтар, оның ішінде, танымал тұл­ғалар да бар, ұлттық киім киген сурет­терін іліп, желі қолданушыларына по­зитивті көңіл күй сыйлап отыр. Сарапшылар мұның бәрі қазақ халқының аясында өзге ұлыс өкілдерінің біріге бастауына өзіндік оң әсер тигізеріне сенімді.

aikyn.kz

Дайындаған: Әсел Асанова
Фото: massaget.kz
Қосылған күні: 21 наурыз 2016, 22:27

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.