Әр облыста наурыз көже қалай жасалады?

Әр облыста наурыз көже қалай жасалады?
Фото: yvision.kz

Наурыз көже әр өлкеде, тіпті бір ауылдағы әр үйде әртүрлі әзірленеді. От анасы не келіні үйде бар азық-түліктен, қыс бойы сақтаған сүр еттен наурыз мейрамына арнайы ас даярлайды. Жыл бойы молшылық, береке болсын деп мейлінше етті, ақты, дәнді дақылды көп қосуға тырысады. Наурыз көже пісірілгенде келді-кетті қонақ көп болғандықтан, ішілмей қалмайды, ысырап болмайды. Сондықтан наурыз көжеге негізгі жеті азықты қосады, сонымен қатар, дәмі келетін қолда бар азығын қоса береді. Азық-түлік мол болған сайын, елде молшылық болады деп сенеді.

Алматы облысы: Ет, су, арпа, күріш, тары, кеспе, айран.

Ақмола облысы: Ет, су, тұз, күріш, бидай, арпа, айран.

Атырау облысы: Ет, күріш, үрмебұршақ (фасоль), бұршақ (горох), жүгері (кукуруз), арпа (перловка), сүт (айран).

Ақтөбе: Ет, тары, күріш, су, тұз, сүт, өрік-мейіз.

Батыс Қазақстан облысы (Орал): Сүрленген ет, сүт, айран, күріш, тары, су, тұз.

Жамбыл облысы: Ет, су, тұз, күріш, бұршақ, бидай, айран.

Қарағанды облысы: Сүрленген ет, күріш, бидай, кеспе, су, тұз, айран.

Қостанай облысы: Ет, тұз, су, сүт, жуа, тары, құрт. Ең басты айырмашылығы: қыс бойы сақтаған сүрленген ет қосады.

Маңғыстау облысы: Ет, күріш, арпа, мәш, сүмбіл бұршақ (лобия), көкөністер, айран.

Оңтүстік Қазақстан облысы: Су, сүт(айран, құрт), ет, май, тұз, жарма бидай, мейіз, сүмбіл бұршақ.

Павлодар облысы: Сүрленген ет, су, тұз, бидай, қатық, мейіз.

Солтүстік Қазақстан облысы: Қазы не сүрленген ет, су, күріш, арпа, тары, тұз, мейіз. 

Шығыс Қазақстан облысы: Бидай, кеспе, құрт, тұз, су, тары, ет, күріш қосылуы мүмкін.

@. @assel_assanova