Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Арнайы жобалар / НАУРЫЗ 2012 / 22 Наурыз. Көкпар

22 Наурыз. Көкпар

22 Наурыз. Көкпар

Қазақ халқы ерте заманнан бері салт-дәстүрлерді дәріптей отырып, оларды ауыздан-ауызға таратып, келер ұрпаққа жеткізген. Халқымыздың асыл мұрасына айналған ұлттық ойындарымыз жайлы тағы бір рет айтып кету артық болмас. Қазақ халқының ұлттық ойындарының саны шексіз, бұған дәлел ретінде  олардың алуан түрлерін атасақ болады. Дегенмен, қай-қайсысы болмасын, біреулері ұмытылып кетеді, енді біреулерінің ережелері бұрмаланып, мән-мазмұны мүлдем өзгереді. Бұған дейін көне заманнан бері келе жатқан "Үш табан" атты асық ойынының ережелерімен таныстырған болатын. Бұл ойынды қазіргі кезде 22 наурыз мейрамында жиі-жиі ұйымдастырып келеді. Бұл ойын кішкентай балақайларға арналса, бүгінгі біздің сөз етейін деп жатқан ойынымызды ойнау екі бірінің қолынан келе бермейді. Өйткені, ойынға қатысу үшін күш, шыдамдылық пен табандылық қажет. Ең бастысы ойыншының тұлпары жүйрік болғаны дұрыс. Бүгінгі әңгімеміз халық жүрегінен ерекше орын алатын көкпар ойыны жайлы.

 Көкпар - ұлттық ат спорт ойындарының бірі. Ойын атауы “көк бөрте” (лақ) сөзінен шыққан. Дәстүр бойынша, қазақ халқы көкпарға бір жасқа толған серкенің семізін таңдайды. Оның себебі, семіз серкенің терісі өте берік әрі жыртылмайды. Серкенің орта салмағы 70 – 80 келі шамасында болады. Өзге малдың терісі келмегендіктен, көкпарға тартпайды. Көкпар – Орталық Азия халықтары арасында кең тараған ойын түрі. Қырғыз, өзбек халқы оны “Улак тартыш”, тәжіктер  “бузкаши” деп атайды екен. Көкпар тарту сияқты ұлттық ат спорты ойындары басқа да шығыс елдерінде бар. Ауғанстанда кең тараған бузавиш ойыны көкпарға өте ұқсас. Сондай-ақ, Аргентина халқының да Көкпарға ұқсас ат спорты ойыны болған. Көкпар жігіттердің күш-жігерін, төзімділігін, батылдығы мен ептілігін, ат үстінде мығым отыруын қалыптастырады. Бұл ойынның тәлім-тәрбиелік мәнін осыдан-ақ байқауға болады.


Сонымен қатар, Көкпар – аттың қалай бапталып үйретілгенін, жүйріктігін де сынайтын спорт. Көкпар жаппай және дода тартыс болып екіге бөлінеді. Жаппай тартыста әркім көкпарды өзі иелік етуге тырысады. Дода тартыста құрамы бірдей екі топ сынға түсіп, жарысады. Қазақтар оны "марта тарту" деп те атайды. Қазақстанда 1949 ж. көкпар жарысының жаңа ережесі бекітілді. Осыған сәйкес көкпар жарысын арнаулы алаңда, командалық сипатта өткізу белгіленді. Ал 1958 жылдан Көкпар бәйге алаңдарда (ипподромдарда) өткізіліп келеді. Алаң көлемі қатысушылар санына байланысты. Егер әр команда 5 адамнан болса, ұзындығы 300 м, ені 100 м, 10 адам болса – 500х200 м, 15 адамнан болса – 700х300 м, 20 адамнан болса – 1000х500 м болады. Алаңның әр бұрышына қызыл жалаушалар ілініп, ал оның екі жағында диаметрі 10 м-лік шеңбер (“отау”) сызылады. Алаң ортасында диаметрі 6 м-лік шеңбердің дәл ортасына көкпар қойылады. Жарыс басталар сәтте командалар орталық шеңбердің сыртында тұрады. Жарыс алаңындағы төрешінің хабары бойынша басталады. Көкпар тарту қатысушылардың санына байланысты 8 – 15 мин аралығында өтеді. Көкпаршылардың мақсаты – орталық шеңберде жатқан көкпарды өз командасының “отауына” жеткізу. Көкпар “отауға” жеткізілгеннен кейін, ойын алаң ортасынан қайта басталады. Белгіленген уақыт ішінде қай команда Көкпарды өз “отауына” көп жеткізсе, сол жеңіске жетеді.

Келе жатқан 22 наурыз мейрамында мүмкіндігіңіз болса, көкпар ойнауды ұмытпаңыз. Ұлыстың ұлы күні құтты болсын, ағайын.

Сурет: gmirk.kz,flickr.com

8428 1
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 19 наурыз 2012, 10:00
Пікірлер
+0
20 наурыз 2012, 11:55

көргім кеп тұр бұл ойынды

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...