22 наурыз. Мерекелік фильмдер - Сұлтан Бейбарыс

22 наурыз. Мерекелік фильмдер - Сұлтан Бейбарыс

Қадірлі Массагеттің оқырмандары! Айтулы 22 наурыз мерекесі де жақындап, есігімізді қаққалы жатыр. 

Өткенімізді еске алып, тарихымызды бір зерделеп көрудің де ыңғайы келді. 22 наурыздағы 5 күн демалыста бос жатпай, уақытыңыздың пайдалы өтуі үшін көруге тұрарлық тарихи фильмдер сериясын ұсынамыз.

Қыпшақ даласынан шығып, Мысырда сұлтан атанған Бейбарыс туралы бұл фильмді әлі көрмеген болсаңыз, көруге кеңес береміз. 13 ғасыр. Жерорта теңізіндегі ең үлкен флотқа ие Мысыр әміршісі өз өмір жолын есіне алады. Осы тұста оның өмір жолының шым-шытырық кездеріне куә боласыз.

Құлдыққа сатылған Бейбарысқа мәмлүк сұлтанының орынбасары Кутуздың көзі түсіп, сатып алады. Ерекше дарынының арқасында кейінірек Бейбарыс Айбек сұлтанның күзетінің басшысы болып тағайындалады. Кутуз Айбекті тағынан тайдырып орнына отырған соң, жаңа сұлтанның орынбасары болып қызмет етеді. 

1620 жылы Кутуз армиясы монғолдарды қиратып Каирге оралған соң, эмирлермен сөз байласып, сұлтанды құлатып, өзі таққа отырады. 

Фильм 1989 жылы режисер Болат Мансұровтың жетекшілігімен түсірілген. Бейбарастың рөлін талантты актер Нұрмұхан Жантөрин сомдайды. 

22 наурыздағы мерекелік көңіл-күймен кинодан рух алыңыз! 

Сұлтан Бейбарыс (1-бөлім)

Сұлтан Бейбарыс (2-бөлім)


сурет: megatorrents.org