Massaget.kz Наурыз мейрамымен құттықтайды!

Massaget.kz Наурыз мейрамымен құттықтайды!

Бұл жолы сіздерді Massaget.kz порталының редакциясындағы жігіттер қауымы құттықтайды. 

Мейіржан Әуелхан:

Әз Наурыз ұлыстың ұлы күні құтты болсын! Әр шаңырақта бақыт-байлық көп болсын! Қазақ Елі, Тәуелсіз мемлекетіміздің мерейі арта берсін! Ақ мол болсын, әр таң шұғылалы болсын! Массагет ұжымынан әрқашан соны жаңалықтар, тың туындылар күтіңіздер!

Болат Қосмағамбет:

Халқымыз жылдан жылға аман-есен жете берсін! Жақсылық пен шуақты күндеріміз көп болсын! Көктем рухани тазару әкелсін! Наурыз құтты болсын!

Ардақ Құлтай:

Достар, әрқайсымыз да көктемде жаңалық күтеміз, көктемнің ғажабын сезінеміз. Салтымыз бен дәстүрімізді сақтап, болашаққа тарихпен бірге баратынымызға өз басым мақтан тұтамын. «Қазақ» деген атты өзгелер әлемдегі ең бір қонақжай, бейбіт, мәдениетті халық деп ұғынса деген тілегім бар. Елімізде тыныштық пен жақсылық болсын. Наурыз мейрамы құтты болсын!

Еркебұлан Қайрахан:

Қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтаймын. Жаңа жыл бүкіл әлем халқы үшін табысты да, шаттыққа толы жыл болсын. Еліміздің мерейі үстем болып, жаңа белестерді бағындырсын. Халықтың жүзінен күлкі кетпесін. Бақытымыз баянды болсын.

Фараби Арыстанбек:

Наурыз мейрамы баршаңызға құт-береке алып келсін. Шаңырақтар шайқалмасын, әр үйден береке-бақ кетпесін. Еліміз өркендеп, алға қарай нық қадам баса берейік. Наурыз бірлік пен ынтымақтың символы. Ендеше, бақытымыз баянды болғай!

Өмірбек Сансызбай:

Өз егемендігін алған еліміз дәстүрі мен салтын ұмытпағаны үшін қуанамын. Соның ішінде Наурыз мейрамы түркі халықтарының ең бір елеулі делінетін атаулы күні. Бұл айда көктем өзінің ғажап сұлулығын ашады. Халқымыз да бір сілкініп, жаңа өмірге қадам басады. Жаңа өмір, жаңа жыл халқымызға құт-берекелі жыл болсын!

Шерхан Талап:

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы құт-береке алып келсін! Адамзаттың жүрегінде қайырымдылық, жақсылық, татулық, бірлік сияқты қасиеттер көбейсін деген тілегім бар. Шұғылалы таңымыз ата берсін! Наурыз мейрамдарыңыз құтты болсын!

A. Mustafina