Оқи отырыңыз

Бір қазақ ең кемі екі ақыл айтып кетеді. Өз қара бас сол екі ақылдың біреуін орындап жүрген болса, әлдеқашан адам болып кетер еді.

Автор: Ғабит Мүсірепов

— Редактор бағаны —

Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді
Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

20 жасқа дейін...
20 жасқа дейін...

Автор: Томирис Есқали

Статус: Контент-менеджер

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Арнайы жобалар / НАУРЫЗ 2014 / Айқын Төлепберген: Наурыз құтты болсын!

Айқын Төлепберген: Наурыз құтты болсын!

Айқын Төлепберген: Наурыз құтты болсын!

Ақтың молаятын, жарықтың ұзаратын, нұрдың молығатын, тіршіліктің жаңаратын, өмірдің жаңғыратын, пейілдің түзелетін, көңілдің кеңитін кезеңі - Наурыз мейрамы! Көктің тынысын тыңдап, жердің тамырын басқан, тұрмыс-тіршілігін табиғат-анамен тығыз байланыстырған халқымыз Наурызды жаңару мен жасампаздықтың  бастауы, ырыc  пен берекенің арқауы деп бағалаған. Ендеше осынау айтулы мейраммен еліміздің өнер жұлдыздары құттықтайды.


Ералхан Әбішев, әнші:

- Барша қазақстандықтарға Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамы құтты болсын деймін! Денсаулықтары мықты болсын. Шаңырақтарыңызда қуаныш болсын. Зор байлық тілеймін. Қазақ пен қазақ қана емес, бүкіл қазақстандықтар қазақ тілінде сөйлесcе деп тілек білдіремін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Көктемнің алғашқы нұры әрбір шаңыраққа бақ-береке, өзара түсіністік пен болашаққа деген сенімділік әкелсін!

Ақбота Керімбекова, "Серпер" сыйлығының иегері, әнші:

- Барша қазақстандықтарды келіп жеткен Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Әрбіріміздің тілеріміз ол – елдің амандығы. Әрбір шаңыраққа бақыт, шаттық тілеймін. Төрт көзіміз түгел бір-бірімізге тілек айтар күндеріміз көп болсын. Шаңырақтарыңызда той болсын. Өсіріп отырған ұл-қыздарыңыздың қызығын көріп, қуанышқа тоймай жүре беріңіздер. Ұлтымыздың мерейін өсіріп, бар болмысымызды айшықтайтын қасиетті – Наурыз мерекесі елімізге, әрбір отбасына бірлік пен қуаныш, құт-береке, бақыт пен молшылық әкелсін! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!

Нұрлан Албан, әнші:

- Тарихи тамыры тереңнен бастау алатын әз-Наурыз дана халқымызда қай кезде де еңсесі биік елдіктің іргесі сөгілмес бірліктің, ырыс пен ынтымақтың мерекесі болып келген. Еліміз үшін Наурыз – көктем мен жаңаруды айшықтайтын мерейі тасыған ұлы мейрам. Осы бір атаулы күнмен барлық қазақстандықтарды шын жүректен құттықтаймын. Еліміздің бірлігі бекем болып, ел еңсесін биік ұстар азамат пен азаматшаларымыз аман болсын. Жүректеріне иман нұры ұяласын. Әрбір арайлап атқан таңымыз жақсылық, қуаныш алып келсін.

Айқын Төлепберген, әнші:

- Асыға күткен бәріміз, 

Құтты болсын Наурыз!

Жылу келіп әлемге 

Ән шырқайық бәріміз! - деп барлық қазақстандықтарды, шығыс халқын Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Күннің нұрымен келген жылу жер бетіне ғана емес, адамдардың жүрегіне де енсін. Наурызда айтылған барлық жақсы тілек орындалады деп жатады, Наурыз барлығыңызға құт әкелсін! Мейрам құтты болсын. Шаңырақтарыңызға береке, шаттық тілеймін! Ұлыс оң болып, әрбір күніміз Наурыз күніндей шуақты болсын!

Әңгімелескен: Өмірбек Сансызбай

Сурет: besmart.kz, facebook.com, vk.com
Қосылған күні: 23 наурыз 2014, 15:52
Пікірлер
+0
25 наурыз 2014, 22:25

рахмет!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.