22 наурыз. Мәзір: Құрт

22 наурыз. Мәзір: Құрт

22 наурыз мерекесі қарсаңында ауыл тұрмысы мен тағамын аңсай бастаймыз. Ауылдың қою айраны, дәмді көжесі мен тұзды құртына не жетсін? Ауылына қайта алмайтын жандар мына мәзір бойынша құрт жасап, мерекелік көңілге бөленсін.

Әрине дәстүрлі құрттың жасалу жолы әлдеқайда басқа. Бірақ көп жағдайда ол қалалық ас үйде жасауға келмейді. Ал мына мәзір ерекше болса да, сол ауылдың құртына дәмі келеді әрі көп күш пен құрамдас бөлік талап етпейді.

Құрамы:

  • қолдан жасалынған үй ірімшігі - 500 гр;
  • сүт сарысуы - 250 гр;
  • тұз - 3 ас қасық.
Сүт сарысуына тұзды қосып, араластырамыз.
Сарысуды блендерге құйып, ірімшікпен араластырамыз.
Сүзгі не дәке даярлаймыз.
Пайда болған ірімшік массасын сүзгімізге суын ағызып қоямыз.

 Суы әбден ағуы үшін бірнеше сағат қажет.
Сүзбені кішкене бөліктерге бөліп, дөңгелетіп, құрғақ, бірақ ыстық емес жерге кептіріп қоямыз.
Құрт бір апта шамасында кебуі керек. Астарыңыз дәмді болсын!

Дайындаған: Сания Аринова