Достық пен махаббатты танимыз ба?

Достық пен махаббатты танимыз ба?
Фото: Григорий Борисов

Қыз бен жігіттің арасындағы достыққа сенетіндер де, сенбейтіндер де бар. Бірақ бұл «жұмбақтың» шешуін әлі ешкім таппаған. Осы сауалды адам ойға алған кезде өмірінде кездескен досына (қыз, жігіт) деген сезімін еске алуы орынды.

Екі сезімді бастан кешіп жүрген жан олардың ара жігін ажыратуда қиналуы мүмкін. Олай болса, мына қағидаларды оқып, өзіңіз саралап көріңіз.

Ол сіздің жай ғана досыңыз, егер...

 Досыңыздың сүйіктісі жайлы білсеңіз және оларға шын бақыт тілейтін ақ тілекшілердің қатарында болсаңыз, араларыңызда ешқандай сезімнің болмағаны деп біліңіз. Көп ұзамай сізге де «сүйіктім» дейтін адам табу керек.

 Құрбыңыз сіздің жаныңызда өзін тым еркін ұстаса, (қыздар боянып, жігіттер жейдесін реттеп) онда бұл – достықтың белгісі.

 Досыңыздан кемшілік байқасаңыз және оны бетіне айта алсаңыз, сіздер нағыз доссыздар.

 Ол бір өтініш айтты, ал сіз қатты шаршап тұрсыз. Сол себепті орындай алмайтыныңызды және келесі бір жолы көмектесетініңізді ойланбай айта аласыз. Бұл да достар арасында болады.

Ал егер...

 Досыңыздың сүйіктісінен кемшілік іздей берсеңіз, «оның орнында мен болсам, бүйтер ем» деп байқамай өзіңізді елестетіп кетсеңіз, сіз оның досы емес, оған сырттай ғашық жансыз.

 Досыңыздың бойындағы кемшіліктер сізге бәрібір «ұлы» болып көрінсе, сіз оған ғашықсыз. Себебі, ғашықтық кемшілік оның бойынан көрмейтіндей етіп көзіңізді тұмшалап тастайды.

 Осыған дейін оның жанында өзіңізді еркін ұстадыңыз, ал қазір сезім туралы әңгіменің шеті шықса, кібіртіктеп, тұтығып, қобалжып кетсеңіз, бұл жайдан жай емес.

♥ Оған қоңырау шалған, хабарлама жіберген, әлеуметтік желідегі суретіне сізге ұнамайтын пікір жазған адам сізді қатты толғандырса және оған «еікнші рет хабарласпа» деп айтқыңыз келсе, сіздер дос емессіздер.

Мұндай жайт басыңыздан өтті ме? Соңы қалай бітті?

Г. Берік