Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Арнайы жобалар / 15 сәуір 2016 / Романтикалық ұсыныс жасау (Видео)

Романтикалық ұсыныс жасау (Видео)

Романтикалық ұсыныс жасау (Видео)

Отбасын құру ғашықтар өміріндегі ең маңызды қадамдардың бірі. Ол қадамға барудың өзі бірнеше сатыдан тұрады. Сол сатылардың ішінде ең алғашқысы жігіттің үйленуге деген ықыласын ғашығына жеткізуі десек, қателеспеспіз. Алайда жігіттер бұл сатыны өтудің түрлі жолын таңдайды. Біреулер ойын сүйіктісіне оңашада жеткізеді, енді біреулер бұл оқиғаны үлкен бір шараға айналдырып, ұсынысын ел алдында айтып жатады. Бүгін біз екіншілердің таңдаған жолы қалай жүзеге асатынын көрсететін видеоларды топтастырдық. Ендеше, назар салыңыздар!

1. Ернар есімді жігіттің сүйіктісі Меруертке жасаған ұсынысы. Ернар бұл шараға достарымен қатар, өзін бірнеше қабат биіктікке көтеретін арнайы техниканы да шақырған екен. Одан бөлек, Меруерттің терезесіне қарама-қарсы тұрған үйдің қабырғасына "Меруерт, мен сені сүйемін! Маған тұрмысқа шық!" деген жазу жаздырыпты. Қолында гүл, гүл ішінде жүзігі бар жігіттің бұл қадамын қыз қалай бағалағанын бірінші видеодан көре аласыздар.

2. Бұл классикалық үлгіде жасалған ұсыныс десек те болады. Ерасыл болашақ жары Диананы Қарағанды қаласындағы мейрамханалардың біріне шақырып, ел алдында сезімін білдіреді. Қыз келісімін беріп, жүзікті қолына таққан сәтте әдемі ән қосылып, ортаға осы уақытқа дейін тығылып тұрған қос ғашықтың достары шығып, қуаныштарына ортақтасады. Қарапайым болса да әдемі өткен бұл шара қалай өткенін екінші видеодан көріңіздер.

3. Көпшілік әскери адамдар романтикалық қадамға бара бермейді деген ойда. Алайда Нұрлыбек бұл оймен келіспейді. Өйткені ол нағыз романтиктердің қатарында. Сүйіктісі Арайлымға сезімін білдіру үшін жас курсанттың қандай қадамға барғанын көру үшін, кезекті видеоға назар салыңыздар.

4. Кинотеатрда сезім білдіру қазіргі таңда ұсыныс жасаудың ең танымал әдісіне айналған. Алайда аталмыш шаралар шығармашылық жағынан түрлі деңгейде өткізіліп жатады. Болашақ жарын қуантуға ұмтылған кезекті кейіпкеріміз өз жоспарын өте жақсы ойластырғаны көрініп тұр. Сүйіктісіне жүзік ұсынбас бұрын көрсеткен фильмінде оның қаншалықты тер төккені байқалады. Назарларыңызға шытырманға толы төртінші видеоны ұсынамыз.

5. Бұл жолғы кейіпкеріміз ұсыныс жасаудың өте ерекше жолын таңдаған екен. Тараздық Алексендар өз ғашығына сезімін білдірмес бұрын, оны қорқытып алуды жөн санап, қылмыскерлерді ұстау операциясын ұйымдастырады. Бұл жерде қылмыскер рөлін басқа-басқа емес, күйеужігіттің өзі ойнайды. Болашағынан үлкен үміт күтіп жүрген сүйіктісінің нашақор болып шыққанын білген Валерия қандай әсерде болғанын білгіңіз келсе, топтамамыздағы соңғы видеоны көріңіз.

Дайындаған: Yernar Almabek
Фото: amur.kz
Қосылған күні: 11 сәуір 2016, 15:15

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.