15 сәуір. Махаббат туралы әзілдер

15 сәуір. Махаббат туралы әзілдер
Фото: www.zastavki.com

Үш жасар қыз бен жігіт құммен ойнап отырады. Бала кәмпитін шығарып жейін деп отырса, қыз:
 Кәмпит берші, менде жейін, − дейді. Бала:
 Жоқ, бермеймін.
− Берші, мен сенің бетіңнен сүйемін.
Не? Онда мүлдем бермеймін. Мені тағы қорқытып қояды ғой өзі!

Бір жігіт қызға сүйетінін айтып, сезімін білдіріп жатыр.
 Мен сені Ләйлі мен Жібектен бетер сүйемін.
 Ой, қу-ай. Менен де бұрын қыздарың болған екен ғой.

Қыз жігіттен:
 15 сәріге қандай сыйлық жасайсың?
 Үлпілдеген бетіңнен сүйемін.
 Ал, мен рұқсат бермесем ше?
 Онда сыйлықсыз қаласың.

− Менің күйеуім біз үйленгеннен кейін бір айдан соң қайтыс болды.
− Жарықтық, көп азап тартпаған екен...

Қызықты статистика. Қыздарды 15 сәуірмен кімдер құттықтайды:
3% жігіттер;
20% отбасы мүшелері;
77% құрбылары;

15 сәуір − өткен жылдағы сыйлықтарды еске түсіретін күн.

С. Ерсін