15 сәуір. Қазақстандағы ең әдемі 5 ару

15 сәуір. Қазақстандағы ең әдемі 5 ару

Массагет порталы ең әдемі де танымал әйелдердің үздік бестігін ұсынып отыр.

5. Әлия Телебарысова

Әлия Телебарысова – актриса. Лос-Анджелестегі киноакадемияда "актерлік шеберлік" мамандығын оқыған. Әлия бала кезінде вокал жарыстарына көп қатысқан. 15 жасында Ақан Сатаевтың "Ағайындылар" фильміне түседі. 2011 жылы "Алматы Аруы" байқауының жеңімпазы атанады. Актрисаға танымалдылық "Жаужүрек мың бала" фильмінен кейін келген.

4. Қарлығаш Мұхамеджанова

Қарлығаш Мұхамеджанова – актриса. 2008 жылы алғаш рет «Лавэ» фильміне түседі. Кейіннен «Серпіліс» секілді фильмдерде шағын ғана рөлдерді ойнап, бағын сынайды. Актриса «Қызғылт қоян туралы хикая» (Сказка о розовом зайце), «Бүкіл әлем біздің аяғымыздың астында» (Весь мир у наших ног) фильмдерінде басты рөлді сомдаған.

 

3. Зарина Диас

Зарина Диас – кәсіби теннисші. Дүниежүзіндегі  ITF турнирлерінің бесеуінің дара санатта жеңімпазы. Әлем аренасында Қазақстан атын қорғап жүр. Қазақстанның бірінші ракетасы Әйелдер теннис ассоциациясының (WTA) жаңартылған рейтингінде 2014 жылды 33 орында аяқтады.

2. Жанар Дұғалова

Жанар Дұғалова – әнші. Ол 2014 жылы Қазақстан атынан Turkvisіon жобасына қатысып, жеңімпаз атанды. Жанар "КешYOU" қыздар тобының әншісі болған, "Ғашық жүрек – 2" фильміне түскен. 

1. Сәбина Алтынбекова 

Сәбина Алтынбекова Қазақстан волейбол жасөспірімдер құрамасында ойнайды. Тайбэйде өткен қыздар арасындағы волейболдан 17-ші Азия чемпионатында "ең сұлу волейболшы" атанды. Ол туралы Жапония және Қытай телеарналары бірнеше репортаж жасаған. 

15 сәуір. Қазақстандағы ең сымбатты 5 жігіт

Сурет: massaget.kz, facebook, vesti.kz

Н. Нұрмаханұлы