Әлем елдері ғашықтар мерекесін қалай тойлайды?

Әлем елдері ғашықтар мерекесін қалай тойлайды?

Италия мемлекетінде ғашықтар күнін 14 ақпанда атап өтеді. Оны «тәтті күн» деп атайды. Аты айтып тұрғандай ғашықтар бір-біріне негізінен жүрек формасындағы шоколадтар, печенье мен кәмпиттер сыйлайды.

Сүйіктісіне тәтті тағам сыйлау дәстүрі Америкада да бар. Бұрындары ғашықтар марципандар сыйлайтын болған. Аталған сыйлық жоғары бағаланатын. Себебі марципанның құрамындағы қант сол заманда өте қымбат болған. Америкалықтар 1800 жылы қызылша қантын пайдалануды қолға алып, оны карамель өндіру мақсатында қолданады. Ғашықтар күнінде олар ақ-қызыл кәмпиттерге мерекеге лайық сөздер жазады. 50 жылдардан бастап кәмпиттерді жүрек формасындағы қораптарға салады. Дәстүрге сай ғашықтар күнінде тек сүйіктілерін ғана емес, жүрегіне жақын ағайын-туысқандарын да құттықтайды.

Ары қарай ағылшындарға тоқталайық. Олар сүйіктілерімен қатар жануарларды да құттықтайды. Ол ауласындағы иті, жақсы көретін тұлпары болуы мүмкін. Дәстүрге сай әйгілі Teddy қонжықтарын, тәтті тағамдарды, жұмсақ ойыншықтарды сыйға тартады. Мұнымен қатар, ашық хаттарды да ұмытпайды.

Ашық хат сыйлау, ғашығымызға төрт жол арнау сынды дәстүрді француздар енгізген болатын. Бұл мерекеде француздықтар бір-біріне шоколад, саяхаттауға билет, лоторея билеті, жүрекше етіп кесілген шұжық, алқызыл йогурт, жасанды гүлдер және «Мен сені сүйемін жазуы бар» ойыншықтар сыйлайды. Жігіттер сүйіктілеріне осы күні сезімдерін білдіріп, үйлену туралы ұсыныс жасайды. Романтикалық кездесу барысында тосын сый жасап, неке жүзігін ұсынады.

Нидерланд елінде 14 ақпан күні бойжеткеннің бозбалаға ұсыныс жасауына рұқсат беріледі. Яғни қыздардың бұл әрекеті әбестік болып көрінбейді. Ал жігіттер өз кезегінде қыздарға жібек матадан тігілген көйлек сыйлауы тиіс.

Жапониядағы ғашықтар күнінде жігіт қауымы үлкен қуанышқа кенеледі. Себебі жігіттер ғана сыйлық алып, құттықтаулар естиді. Оларға ұстара, ласьон, әмиян, шоколад сыйлайды. «Гири», «хонмей» атты екі түрлі шоколады бар. Алғашқысын бауырларына, достарына, әріптестеріне сыйласа, екіншісін тек сүйіктісіне ғана ұсынады. Бір айдан кейін «Ақ күн» мерекесінде бар сыйлықты қыз қауымы алатын болады.

Уэльс «махаббат қасықтарымен» танымал. Ғашықтар мерекенің алдында ағаштан қасық ойып, оны жүрекше, кілт, құлпының суретімен безендіреді. Бұл сыйлық «Сен менің жүрегіме жол таптың» деген мағынаны білдіреді.

Германия елінде әулие Валентинді мойындамайды. Оны психологиялық ауытқуы бар адамдардың қамқоршысы деп біледі. Мереке қарсаңында жындыханаларды алқызыл ленталармен безендіреді.

Испанияда ғашықтар күні 1 мамырда аталып өтеді.

Ал Бразилияда аталған мереке 12 маусымда тойланады.

Иран, Біріккен Араб Әмірліктері сынды мемлекеттерде аталған мерекені атап өтуге тыйым салынады.

Ғашықтар мерекесі құттықтай отырып, мәңгілік ертегіге айналған махаббатарыңыз баянды болсын деп тілейміз!

Сурет: © Ерлан Садвакасов

Қ. Бүйенбай