15 сәуір. Жастар махаббат күнін қолдайды!

15 сәуір. Жастар махаббат күнін қолдайды!

Біздің жастар 15 сәуір – Қозы Көрпеш - Баян Сұлу күні екендігін біле ме? Олар үшін махаббат деген не? Ұлы сезім туралы кім, не ойлайды? Осы сұрақтарға жауап іздеп, біз ару Алматы қаласының көшелеріне шықтық.

Қуанышымызға орай, жастардың көбі бұл мерекені асыға күтеді екен. Тіпті, 15 сәуірге қызу дайындалып жатқан көрінеді. 

Махаббат – сезімдердің патшасы, ол кез келген адамның басынан өтуі керек.

Махаббат – ақын мен жазушының шабыты, әншінің әні, күйшінің күйі... 

Махаббат ең үлкен қуаныш сыйлап, ең мұңды өкінішке әкеле алады...

Махаббат – өзіңді түсініп, өзгелерді тануға мүмкіндік беретін сырлы сезім.

Ғашықтар күні – өз сезіміңді білдірудің жақсы орайы.

Бұл күні тек сүйіктіңізді ғана құттықтап қоймай, анаңыз бен туыстарыңызға деген махаббатыңызды білдіріңіз.

15 сәуір жылдың ең романтикалық күніне айналсын.

Жұбыңызды құттықтап, оған бақыт сыйлаңыз. 

Жастардың жүрегі баянды сезімге ерекше зәру.

Қыздар үшін өмірдегі ең басты нәрсе – махаббат!

Студенттік шақ пен алғашқы махаббат ұғымдары көбіміз үшін егіз.

Махаббат адам талғамайды. 

Өз мерекемізді өз дәстүрлерімізге сай тойлайық.

Анаға, әкеге, кейін жарыңа, балаларыңа, немерелеріңе деген махаббат... Махаббат – бұл өмір.

Массагет.кз порталы сіздерді 15 сәуір - Ғашықтар күнімен құттықтай отырып, баршаңызға мәңгілік махаббат тілейді.

Дайындаған: Сания Аринова және Ардақ Құлтай

С. А