Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Бір жылдан кейін орындалған аманат...
Бір жылдан кейін орындалған аманат...

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Арнайы жобалар / 15 СӘУІР - 2013 / 15 сәуір – Ғашықтар күніне SMS тілектер

15 сәуір – Ғашықтар күніне SMS тілектер

15 сәуір – Ғашықтар күніне SMS тілектер

Ғашықтар күнінде сүйгеніңізді шын жүректен құттықтаңыз.

***

Сүйіктім, бүгін тек екеумізге ғана тәуелді мереке секілді сезіледі маған. Алайда өзіңнің қасыңда жүрген әр күнім – мен үшін мереке. Ғашықтар күні құтты болсын. Сені мәңгі сүйетініме куә болар мәңгілік ештеңе жоқ. Тек, қашан қара жерге енгенше қасыңда болсам екен. Сүйем сені!

***

Ғашықтар күні құтты болсын. Білесің бе? Менің кеудемдегі махаббат қанша тереңдеген сайын, сенің тұлғаң көңілімде соншама биіктей берді. Махаббатымызға адалдық пен биіктікті нәсіп етсін! Бір-бірімізге деген ғашықтығымызды мәңгілік, сүйіспеншілігімізді шексіз еткей!

***

Саған хат жазып құттықтайтын осынау бір күннің болғаны – мен үшін шексіз қуаныш. Мен бұл күні ешқашан айта алмаған сөзімді, жүрегімнің лүпілін айтуға міндеттімін. Өйткені, бұл – менің мерекем. «Өзіңе шын жүректен ғашықпын!». (Әр таң атқан сайын саған амандық тілейтін, сағынатын, аңсайтын жаннан сәлем).

***

Ғашықтар күні құтты болсын, аяулым! Маған табиғат ана әлемдегі ең сұлу, ең сүйкімді аруды сыйлағаны үшін қалай алғыс айтарымды білмеймін. Бірақ, саған ең терең сүйіспеншілікті, ең кіршіксіз махаббатымды арнай аламын. Менің қолымнан осыдан өзге дүние келер ме екен?! Өзіңді шексіз сүйемін!

***

Өзіңе дәл қай күннен бастап ғашық болғанымды білмеймін. Әйтеуір жүрегіме бірте-бірте ендің де, мызғымастай боп орын алдың. Сол үшін де саған жүрегімді ұсынған сәтімді әлі күнге білмеймін. Міне, енді жақсы болды. Ғашықтар күні! Жүрегіме мәңгілік махаббаттың ескерткішін орнатқан күн ретінде қабылдаймын. Мен әр жылы осы күнді өзіңмен бірге тойлағым келеді. Мерекеміз құтты болсын, сүйіктім.

Дайындаған: Алшын Матай

Сурет: latestsms.in

43920 2
Рейтинг: +4

Дайындаған: Қайсар Қауымбек
Қосылған күні: 14 сәуір 2013, 07:51
Пікірлер
+0
15 сәуір 2013, 01:24

саған ең терең сүйіспеншілікті, ең кіршіксіз махаббатымды арнай аламын. Менің қолымнан осыдан өзге дүние келер ме екен?!

+0
15 сәуір 2013, 11:09

Жаным, тек сенің қасыңда ғана болғым келеді

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...