Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Арнайы жобалар / 15 СӘУІР - 2013 / 15 сәуір. Қызықты махаббат заңы

15 сәуір. Қызықты махаббат заңы

15 сәуір. Қызықты махаббат заңы

Ерлер мен әйелдер үйленуден бұрын және үйленген соң... Әзіл де болса, ақиқаты осы. 

Ерлер алғашқы махаббатына қол жеткізгісі келеді; Ал әйелдер ерлердің соңғы сүйген жары болғысы келеді.

***

Алғашқы махаббат тұзағына түсіру заңы: Бойжеткендердің көріктілігі ерлерді тез арада махаббат тұзағына іліндіретін «жемтік»; Ал жігіттердің майда тілі бойжеткендерді махаббат қақпанына түсіретін «айла».

***

Ғашықтықты аңғарту заңы: Ерлер әйелдерге іңкәрлік білдіруде арада асқар-асу қиындық бардай сезіледі; Әйелдердің ерлерге ынтықтығын білдіруі жапырақтай жеңіл сезіледі. Солай бола тұрса да, шынайы өмірде ерлер өздері ғашық болған әйелдерге қол жеткізе алады. Ал әйелдер құлай сүйген жігітіне жете алмайды. Себебі, ерлер тәуекелге бел буады, ал әйелдер секемшіл, оқыс болудан қорқады.

***

Алғашқы махаббат заңы: Ерлердің махаббаттан ләззат алу тәсілі – тез шабуылдап, сезімнің ортына өртену; Әйелдердің махаббаттан ләззат алу тәсілі – салмақтылықпен баурап, аптықпай, алаңсыз қош иісті сезім құшу.

***

Құлай сүю заңы: Ерлер құлай сүйген кезде, бар ақылын жұмсайды, тіпті данышпан боп кетеді; Әйелдер құлай сүйген кезде, ақылынан адасады.

***

Сыннан өткізу заңы: Ерлердің әйелдерді сыннан өткізу тәсілі – алысқа сапар шегу; Әйелдердің ерлерді сыннан өткізу тәсілі – уәделі уақыттан кешігу.

***

Мақсат заңы: Ерлер некелесу үшін махаббаттасады; Әйелдер махаббат үшін некелеседі.

***

Некелесу заңы: Ерлер бойдақ тірліктен запы болғанда ғана некелеседі; Әйелдер некелесуді ең қызықты, ең қымбатты сәт деп біледі.

***

Некелі болудың алды-артында: Некелесуден бұрын ерлер әйелдерге: «Барым сенсің» дейді, ал әйелдер: «Мен сендікпін» дейді; Некелескен соң ерлер:«Менің барлығым саған тән» дейді, ал әйелдер: «Сен мендіксің» дейді.

***

Сөйлеу заңы: Арақ ішкеннен кейін, ерлердің сөзі көбейеді, некелескен соң, әйелдердің сөзі көбейеді.

***

Парықтылық заңы: Салдыр-салақ жүрген еркекті көргенде: «Анау да әйелім бар деп жүр-ау» дейді; Ал салдыр-салақ жүрген әйелдерді көргенде: «Ананың күйеуі бақытсыз екен» деседі.

Дайындаған: Алшын Матай

Сурет: baidu.com

7182 4
Рейтинг: +3

Дайындаған: Қайсар Қауымбек
Қосылған күні: 08 сәуір 2013, 19:16
Пікірлер
+0
09 сәуір 2013, 02:22

"әйелдер секемшіл, оқыс болудан қорқады" келіспеймін, мендеь олай емес

+0
09 сәуір 2013, 09:48

Ерлер алғашқы махаббатына қол жеткізгісі келеді; қаааайда одан кейін қаншама рет ғашық болады алғашқы махаббатына қол жеткізу бірең -сараң ғана болмаса. :!:

+0
09 сәуір 2013, 12:51

Әйелдер құлай сүйген кезде, ақылынан адасады деген көзқарас тым ерсілеу екен

+0
09 сәуір 2013, 13:50

Ол заңдылық!!!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...