Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Арнайы жобалар / 15 СӘУІР - 2013 / 15 сәуір. Махаббат жайлы кітаптар

15 сәуір. Махаббат жайлы кітаптар

15 сәуір. Махаббат жайлы кітаптар

 

 І. Есенберлин

Ғашықтар

1500 теңге 

"Кітаптар қалашығынан" сатып ала аласыз. Оқырманды ой орманына алып барып, онда махаббат пен ғашықтықтың басқа салар ауыр тағдыры туралы сыр шертіледі, адамның жан күйзелісі мен тән күйзелісін қатар сипатталады. Өмір тынысының ең айрықша сәттері бедерленген туындының оқырман қауымға берері көп. 

 

 

Ә. Тарази 

Махаббат жыры

1120 теңге.

Жүректі ізгілікке бөлеп, тілекті егіз арнадан іздеуге қол ұшын беретін шығарманың жүрекке қосымша күш сыйлар қасиеті бар. Әйел баласының артық жүрісі мен қасиет-қадірін таразыға салып суреттейтін жазушының ой ұшқырлығы  тәнті қылады. 

 

 

Махаббат пен мансап

 Ж. Жұмаханов

Махаббат пен мансап

1600 теңге.

"Кітаптар қалашығынан" сатып ала аласыз. «Махаббат пен мансап» және «Орман патшасы» повестері топтастырылған. Жақсы өмірдің жарқын ғұмырын кешу үшін қаламгер өмірдегі оқиғаларды алға тартады. Ақиқат өмірдің болмысы мен бағыт-бағдарын, жүрек өткелдерін сезім қылымен дәл шерте білетін туындыдан алар әсер бөлек.

 

Ә. Нұршайықов

Махаббат, қызық мол жылдар

1600 теңге.

Махаббаттың тұмарына айналған төл туынды әрқашан оқырман қауымның ыстық ықылас-ілтипатына ие болып келеді. Шынайы сезім мен зұлым күштің әділет өмірдегі арпалысы шырғалаң оқиғаларға негізделген. Махаббаттың шыңға біткен құдірет-күші ғашықтардың жүрек төрінен орын алып тұра бермек. 

Менiң мұңым -  махаббат

К. Мырзабеков

Менiң мұңым - махаббат

645 теңге.

Мәңгілік махаббат, достық, адамгершілік тақырыбын жырлаған шығармалары табиғаттың өзіндей таза, қарапайым, кең де кемел. Жинақтағы ақынның сезімі ақша бұлттай жеңіл, ойлары қорғасындай ауыр, жүрекжарды жыр жолдары оқырманның көңілінен шығары анық. 

 

Мұқағали Мақатаев

Махаббат сазы

587 теңге

"Меломан" дүкенінен сатып ала аласыз.  Адам сезімдерінің тұңғиығына бойлай білу мен сезінудегі қарапайымдылығы ғаламат поэзиямен танысқан кез келген оқырманды сөзсіз таң қалдырады. Күйінішке ортақтасу, бірге қиналу, жақсылық жасау, қайырымды болу — ақынның адамды бағалаудағы және тұтас шығармашылық арқауының басты критерийі болды.

Ақын поэзиясы — өзі өсіп-өнген туған жеріне деген шексіз махаббатының дәлелі. 

Ерлан Жүніс 

Киелі түндердің дұғасы

500 теңге

"Жалын" баспасынан табасыз. Данышпандық ойлар мен махаббаттың ауыр күрсіністерін, терең толқыныстарын қауырсын қаламмен әдемі жеткізе білетін ақын ағамыздың әр өлеңі өмірді сүюге шақырады. Уақыттың әр сәтін бағалауға үндейді. Махаббаттың уын ұрттап жүрген жастарды жанға жайлы өлең өлкесіне шақырады.

Мирас Асан

Соңғы раушан

500 теңге

Мирас – лирик. Мирастың қыз, әйел затына ғашықтығы жырларында тасыған сүттей ернеуінен асып төгіледі. Мирас өткен күнді ұлықтауға, ғашықтықтың хал-ахуалын ұмытпауға шақырады. Ақын ағаның жаны нәзік жырлары соңғы ізденістерге толы.

 

сурет: Өмірбек Сансызбайдың мұрағатынан; meloman.kz; bookcity.kz; writers.kz

Дайындаған: Фараби Бақыт

26659 10
Рейтинг: +7

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 10 сәуір 2013, 19:20
Пікірлер
+1
10 сәуір 2013, 19:10

"Махаббат, қызық мол жылдарды" оқымаған қыз жігітпен жүрмей-ақ қойсын, ал жігіт қызға бармай-ақ қойсын! :)

+0
10 сәуір 2013, 19:17

өте орынды айтасыз. Бұл кітапты міндетті түрде оқу керек. Әсіресе, жиырманың о жақ- бер жағындағы жастар

+0
10 сәуір 2013, 20:23

ТоШно!!!

+0
11 сәуір 2013, 09:48

Біразын оқымаппын ғой, іздеп жатырмын уже.

+0
11 сәуір 2013, 09:50

Айтпақшы ғашықтар тым қымбат қой анда мен вокзалдан 500 тг алғам, былай Көшпенділер баспасынан 400 тг алуға болады

+0
11 сәуір 2013, 11:47

Махаббат, қызық мол жылдарды махаббат не екенін білмей-ақ оқыған едім. қазір қайта оқысам ба?

+0
11 сәуір 2013, 19:29

мен махаббат кызык мол жылдарды 3-рет алып оеып шыккам :)

+0
11 сәуір 2013, 19:30

баскасын издеп окимыз енды, рахмет коп коп)

+0
16 сәуір 2013, 17:38

бұл кітаптар біз жақта жоқ шығар((

+0
03 қыркүйек 2013, 14:38

махаббат кызык мол жылдар оте керемет кітап. оқуға кеңес берер едім

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...