15 сәуір. "Астанаға көктем кеш келеді"

15 сәуір. "Астанаға көктем кеш келеді"

Елордаға жоғары оқу орнына түсуге келген жас қыздың соңғы 10 жыл өмiрiне негiзделген фильмнің сюжеті Назымның оқуға түсемiн деп алып-ұшқан көңiлi су сепкендей басылып, емтиханнан "құлап” қалуымен басталады. Дағдарған бойжеткен еліміз астанасын Ақмолаға көшіреді дегенді естіп, өзінің жаңа тіршілігін сол қаладан тыңнан бастағысы келеді. Астананың алып құрылысына араласқан күннен бастап, қыздың басынан өткен шытырман оқиғалар жастық албырт сезімге, еріксіз езу тарттырар қызықты сәттер мен мөлдір мұңға толы. Аңқау бойжеткен осы тың өмірдің өзгеше өрімінде аңдамай от басып, тұрақсыз махаббаттың құрбаны болып, тағдырдың талқысына түседі. Адамдық қалыбын, ар-намысын аяққа таптатпаған басты кейіпкер нағыз қазақ қызының образын ашады. Жыл өткен сайын жасарып, құлпыра түскен Астананың гүлденуі мен осыған еңбегін сарп етіп жүрген қыздың рухани толысуы қатар өріледі.

Дайындаған: Сұңқар Ақбоз

Сурет: baq.kz

M. Auelkhan