15 Cәуір. Сәбилер сөйлейді: "Махаббат деген не?"

15 Cәуір. Сәбилер сөйлейді: "Махаббат деген не?"

Америкалық кішкентай балалар «Махаббат деген не?» деген сұраққа жауап береді.

«Егер сені біреу жақсы көрсе, есіміңді өзгелерден ерекшелей сөйлейді. Оның тіліне сенің атың оңай оралады».

Билли, 4 жас

«Егер сен шынайы ғашық болуды үйренгің келсе, өте қатты жек көретін адамыңнан баста».

Никка, 6 жас

«Махаббат деген – қанша шаршап тұрсаң да, еш себепсіз күлімсіреу».

Терри, 4 жас

«Махаббат деген – анамның әкем үшін кофе дайындап, оны бермес бұрын «қалай болды екен?», - деп тексеруі».

Дэни, 7 жас

«Әжемнің белі ауырған кезде, еңкеюге және аяқтарының тырнағын бояуға шамасы келмей қалады. Сол кезде атам кейін қолдарының ауыратынын біле тұра, әжемнің бұл қажеттіліктерін өзі істеп береді. Міне, бұл – махаббат».

Ребекка, 8 жас

«Махаббат деген – бір балаға «көйлегің әдемі екен» деп айтып, ал ол баланың сол көйлегін күн сайын үстінен тастамай киіп жүруі».

Ноэль, 7 жас

«Мені қатты жақсы көретін анам ғана. Себебі, ұйықтар алдында одан басқа менің бетімнен ешкім сүймейді».

Клэр, 5 жас

«Анам әкеме кешкі аста арнайы пісірілген тауықтың аяғын берсе, міне, нағыз махаббат».

Элейн, 5 жас

«Махаббат деген - күшігіңді бір түнге далаға қалдырып кетсең де, ертесіне барғанда бетіңді жалап, саған мейірлене қарауы».

Мари Энн, 4 жас

«Әкем қанша шаршаңқы, өңі бұзылған күйде келсе де, анамның оған «сен Брэд Питтен де әдемісің» дегені мен үшін нағыз махаббат».

Крис, 8 жас

«Әпкем мені қатты жақсы көреді. Себебі, маған көп ескі киімдерін беріп, өзі жаңасын сатып алады».

Лорен, 4 жас

«Егер шынымен қаламасаң, «мен сені жақсы көремін» деп айтудың қажеті жоқ. Ал көңілің шын жақсы көрсе, бұл сөзді әр күн сайын қайталаудан жалықпа. Себебі, ол адам сенің оны жақсы көретініңді ұмытып кетуі мүмкін».

Джессика, 8 жас

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: Vk.com

Н. Айдархан