Мәңгілік махаббат құпиясы

Мәңгілік махаббат құпиясы

Махаббатты сақтауыңыз үшін ең бірінші сүйген адамыңызды бағалауыңыз керек, романтикаға көңіл бөліңіз. Мұны қалай істеу керек деп ойлансаңыз, төмендегі ақыл-кеңестерге көңіл бөле отырыңыздар.

І тәсіл. Сүйіктіңізді бағалаңыз


1. Әр күн сайын оның қандай тамаша жан екенін ойлаумен болыңыз. 

2. Сүйіктіңіз үшін қайғыра біліңіз. Мына қағида дәлелденген: қайғылы махаббат кеше алған жандар ғана некеде бақытты болады. Сүйіктіңіздің қайғысына ортақтаса біліңіз, оның неге мазасызданғанын түсініп, оны сейілтуге тырысыңыз. Ол үшін кішкене ғана болсын, жақсы іс жасаңыз, сонда ғана қарым-қатынаста жылылық болады және оның тарапынан оң көзқарасты байқай аласыз.

Сүйіктіңізді күніне бір рет болса да өзіңіздің назарыңызбен қуанта біліңіз. Қарапайым ғана SMS, қысқаша хат жеткілікті. Бұл сыйлықтан да қымбатырақ болады.

3. Ұсақ нәрсенің өзіне көңіл бөліңіз. Махаббатты ұстап тұру үшін «кейбір қас қағым сәттерге» түкке тұрмайтын нәрсе ретінде қарамау керек. Бұл сәтке қарапайым сөз де жатуы мүмкін. Біз күнделікті өмірде бір-бірімізбен қалжыңдасамыз. Сол сәттерде біреудің жүрегін жаралауымыз мүмкін, ал бұл өз кезегінде жинала келіп үлкен нәрсеге айналуы ғажап емес.

4. Сүйіктіңізге қамқорлық танытыңыз, көңіл бөліңіз. Егер жұптасыңыз сізге эмоционалды өзара қатынасқа ниет танытса, онда құшақтап түнгі аспанды тамашалаңыз, ешқашан қарсылық танытпаңыз, оның нені уайымдап жүргенін, неде көмек керек екенін сезуге тырысыңыз. Сіздің оған уақытыңыз болмаса да, бұл сәт - нағыз нәзік сезімнің уақыты. Сондықтан сезімдеріңізге ерік беріңіздер. 

ІІ тәсіл. Сүйіктіңізге көбірек уақыт бөліңіз


1. Романтика үшін уақыт табыңыз. Сіздердің қанша уақыт бірге жүргендіктеріңізде тұрған ештеңе де жоқ, аптасына бір рет романтикаға көңіл бөліңіз. Кешкі салқында кездесу ұйымдастырыңыз, жай ғана дәмді тамақ жеп немесе тамаша фильм көріп отыруларыңызға да болады. Немесе одан да мықты романтикалық жолдамалар болса, тіпті керемет: жағажайға демалыс, табиғат сапары, түнгі аспанды тамашалау...

Романтика құшағында отырып бұл сәтті пайдалануға тырысыңыз. Армандарыңызбен, мақсаттарыңызбен, сезіміңізбен бөлісіңіз.

2. Сүйікті адамыңызға комплимент айтуға уақыт табыңыз. Комплиментті де құрай салмайсыз, ол сіздің сүйіктіңізді жақсы көрудегі себептеріңіз, оның жақсы қасиеттері, демек комплимент – бұл сезімнің символы.

Комплиментті міндет деп қабылдамаңыз, барлығы шын жүректен шықсын. Ол киінгенде оның қандай тамаша екенін жеткізіңіз. Және оған рақмет айтыңыз, сіздің өміріңізді мұндай бақытты еткені үшін! Мәселен, «мен сен болмағанда ештеңе де істей алмайтын едім»...

3. «Мен сені сүйемін!» деп айтуға уақыт табыңыз. Сіздіңше, сіз осы уақытқа дейін осы сөзді жеткілікті дәрежеде айттыңыз ба!? Жоқ! Ешқашан! Бұл жетпейді, айтыңыз және айтыңыз.

4. Бірге демалу мен қызық қууға уақыт табыңыз. Махаббат – бұл бір-бірін бағалау, романтик болу, конфликтіні шешу ғана емес, сонымен қатар, ойын-сауық құру. Серіктесіңізбен көңіл көтеруге уақыт табыңыз.

Бірге күлсеңіз, жандарыңыз да бір күйге көше бермек.

5. Ортақ қызығушылықтарды табуға тырысыңыздар. Ол үшін жаңа нәрселер іздеуге тура келеді. Дене шынықтыру залдарына бару, жаңа қызығушылықтар мен жаңа хобби түрлері сіздерді одан әрі жақындастыра түсуі тиіс.

6. Табиғатты зерттеңіздер, бірге саяхат құрыңыздар. Бұл сіздердің көңіл күйлеріңіздің жақсы болуын қамтамасыз етеді. 

7. Сүйіктіңізбен қалай танысқаныңыз туралы естеліктерді естен шығармаңыз. 

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: Өмірбек Сансызбай, Нұрлыхан Торыбай

Ө. Сансызбай