Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Арнайы жобалар / 15 сәуір 2014 / 15 сәуір. Қыздар кездесуге неге кешігеді?

15 сәуір. Қыздар кездесуге неге кешігеді?

15 сәуір. Қыздар кездесуге неге кешігеді?

"Қыздар неге кездесуге кешігеді?" Бұл сауалға әрбір ару өзінше жауап береді, әркімнің өз себептері, түсіндірмесі бар. Дегенмен, біздің кейіпкеріміз Әсел Дәулетбаева барлығына ортақ жауапты бере алады деп ойлаймыз. Төмендегі оқиғадан өзіңізді таныңыз.
Әсел бірнеше апта бұрын бір жігітпен танысты. Алғашында әлеуметтік желіде басталған таныстықтың соңы кездесуге де ұласты. Бүгін оларда үшінші кездесу. Бәрі де мына хабарламадан басталды.
Біздің бойжеткен хабарламаны сағат 18.00-де алды.
Алда екі жарым сағат қана уақыты бар екенін білсе де, қыздар міндетті түрде жуынады.
Шашты кептірмесе тағы болмайды.
Осы уақытта бір сағаттың қалай өткенін білмей қаламыз. Сағат 19.00-ді көрсетіп тұр.
Уақыттың жылдамдығына таңғалған біздер киім таңдауға да асықпаймыз. Жарайды-ау деген киімдердің барлығы көз алдымызда болуы керек.
Ең бірінші ауа-райын қараймыз, екінші баратын жерді ескереміз.
Содан кейін барып ашық па, жабық па? Ұзын ба, қысқа ма? Ұзақ ойланамыз.
Әрбірін киіп көруге ерінген емеспіз. Айнаға қараудан да шаршаған емеспіз.
Барлық аксессуарларды тексеріп көруіміз керек.
 
Заманауи бойжеткен ретінде Әсел барлық нұсқаларды тексеріп көруде. Күлгенде қалай көрінеді, тұрғанда, отырғанда ше? Бәрі, бәрі назардан тыс қалмауы керек.
Мұндайда құрбыларымыздың көмегіне зәруміз. Әсел Дәлел есімді құрбысымен ақылдаса отырып мына көйлекті киноға лайықты деп тапты.
Ендігі мәселе – макияж. Замануи бойжеткенде косметиканың қажетті түрлерінің барлығы да табылуы керек. Ал енді түс таңдауға кірістік.
Осы сәтте серімізден "Мен келе жатырмын" деген хабарлама келіп түсті.
Сағат 20.00-ден әлдеқашан асып кеткен. Аруымыз макияжды бастап жіберді.
Айна болмағанда қайтер едік?...
Жігіт келдім деп қоңырау шалды.
Ал біздің шаш дайын емес. Дайын болғандай көрініп еді. Айна оны құптамады. 
Аяқ киім, сырт киім таңдау үшін де 10  минут уақыт қажет.
Біз есіктен шығарда міндеттті түрде заттарымызды тексереміз. 
Және ылғи да ұмытылған нәрсе табылады. Бұл жолы – кілт.
Есікке қарай бет алғанда "Сағат 20.45 болды" деген назын айтқан жігіттің дауысы естіле бастады. Ал біз қашанда "Міне, шықтым" деген жауапты айтамыз.
 
Көптен күткен сәт...
Жігіт пен қыз 20. 50- де кездесті.
Жігіттер, біздің кешігуіміздің себебін түсіндіңіз бе?
Ал сіз қалай кешігесіз, бойжеткен?
Арнайы Мassaget.kz үшін: Айгерім Сматуллаева
53
Рейтинг: +5

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 10 сәуір 2014, 20:29

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.