Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Жұмысқа кел, жас маман!
Жұмысқа кел, жас маман!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Арнайы жобалар / 15 сәуір 2014 / 15 сәуір: Бахытжан Желдербаев ұсынған "Алғашқы махаббат" салаты

15 сәуір: Бахытжан Желдербаев ұсынған "Алғашқы махаббат" салаты

15 сәуір: Бахытжан Желдербаев ұсынған

15 сәуір – "Қозы Көрпеш – Баян сұлу" мерекесі қарсаңында "Алдаспан" тобының ритм-домбырашысы Бахытжан Желдербаевтың асханасында қонақта болдық. Қазақтың домбырасын серік еткен серіміз бізді таңғалдырды. Бақытжан барлық ғашықтар үшін "Алғашқы махаббат" салатының мәзірін ұсынады. 


 

Құрамы:

тауық еті, майонез

грек жаңғағы

саңырауқұлақ

ірімшік, май

жұмыртқа, тұз

анар, пияз

 

  Пиязды тазартып, жуыңыз да, ұсақ әрі ұзын етіп турап шығыңыз. Осы сәтте тауық пен жұмыртқаны да суға қайнатуға тырысыңыз.

 

  Саңырауқұлақты да дәл пияз секілді турайсыз.

 

  Табадағы майды қыздырып, пиязды саласыз да, 2-3 минуттан кейін саңырауқұлақты қуыруды бастайсыз. Екеуінің де күйіп кетпеуін қадағалаңыз. 5-6 минуттан кейін өшіре беруге болады.

 

  Жаңғақты барынша ұсақ етіп езіңіз.

 

  Кезек ірімшікке келді. Оны да ұсақ әрі ұзын етіп турайсыз. Үккішті де пайдалануға болады.

 

  Піскен жұмыртқаны да ұсақтап тураңыз. Сарысын ұнатпасаңыз, бөлек турап қоюға болады.

 

  Салатты тәрелкеге орналастыруды бастаймыз. Оның пішіні жүрек тәрізді болатындықтан, қатты қағаздан жүрек ойып алуға да болады. Онсыз жасай алатындығыңызға сенімді болсаңыз, іске сәт! Тауық етін бірінші қабатқа орналастырыңыз.

 

  Екінші қабатқа қуырылған саңырауқұлақ пен пиязды салыңыз да, майонезді жағып, тұз себіңіз.

 

  Үшінші қабатқа жұмыртқаны орналастырамыз.

 

  Жаңғақты төртінші қабатқа салып, майонез жағасыз да, тұз себесіз. Оның үстіне ірімшікті салып, майонез жағасыз. Тұзды да ұмытпаңыз. Алтыншы қабатқа анардың дәндерін қойып шығыңыз.

"Алғашқы махаббат" дайын! Асыңыз дәмді болсын!

 

 

Ас үйде болған: Бахытжан Желдербаев және Айгерім Сматуллаева

1986 6
Рейтинг: +5

Қосылған күні: 14 сәуір 2014, 10:53
Пікірлер
+0
14 сәуір 2014, 11:12

алғашқы махаббат десе алғашқы махаббат екен

+0
14 сәуір 2014, 12:31

Охо, қандай ерекше жұлдызды, сезімге толы салат!

+0
14 сәуір 2014, 16:33

Жарайсың, Баха!

+0
14 сәуір 2014, 17:04

осы жалпы бір сұрақ қояйын дегем барлықтарыңызға, қалай ойлайсыздар жігіттің аспаздыққа жақын болуы дұрыс па?? жауап күтемін :) :)

+0
14 сәуір 2014, 21:36

қолынан келіп тұрса да олар қатты жақын болмауға тырысады, намыстанады ғой) ал негізі асүйге сирек келетін болғандықтан олар дайындаған ас та ерекше дәмді шығатын сияқты))

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

Қайсар До Бон Сун #1
Қайсар До Бон Сун #1

До Бон Сун – ерекше қыз.Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық...