Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Арнайы жобалар / 15 сәуір 2014 / 15 сәуір. Әр мемлекеттегі қыз бен жігіт махаббаты

15 сәуір. Әр мемлекеттегі қыз бен жігіт махаббаты

15 сәуір. Әр мемлекеттегі қыз бен жігіт махаббаты

Махаббат ұлтқа бөлінбейді. Ол ешқандай шекарамен өлшенбейді. Сол себепті, әлемдегі көптеген елде аралас некеге рұқсат етілген. Бүгін біз сіздерге әр мемлекеттегі қыз бен жігіттің махаббаты, танысу мен некедегі ерекшеліктер туралы айтып береміз. 

 Ұлыбритания    

Бұл елде махаббат достықтан бастау алады. Ағылшындар жұмыста немесе достарының үйіндегі қонағасыда танысуға үйренген. Кездесуге тек жігіттер жағы шақырады. Қыздардың құлағына алтын сырға: ағылшын жігіттері қызбен алғашқы танысқан күні көп мөлшерде ақша шығындамайды. Ал, егер қызға деген шынайы сезім пайда болса, көңілінен шығу үшін барын салып бағады. Тіпті, олар әр күн сайын гүл сыйлап, тосынсый жасап, терезесінің алдында тұрып серенада айтуға дейін барады.

 Франция

Көптеген адамдар бұл елді романтикалық кездесулерге толы ғашықтар елі санайды. Алайда бұл елдің ертегідегідей ғажайып емес екенін естен шығармаған жөн. Француздар романтикалық тосынсыйлар жасап, гүл сыйлағанды ұната бермейді. Олар алғашқы кездесуді көбінесе түскі немесе таңғы ас үстінде өткізеді. Егер осындай жағдайға кезіксеңіз, мынаны ескеріңіз, әркім өз тамағына өзі төлейді. Бұл елде некеге тұру, бала көтеру орташа есеппен алғанда 25-30 жас аралығанда орын алады.

Германия

Сізге біртүрлі көрінуі мүмкін, алайда бұл елде «есеппен үйлену» қалыпты жағдай. Материалдық жағдайы жоғары, жасы біразды алқымдап қалған еркектер мен жас, сұлу қыздардың жұбын жиі кездестіре аласыз. Егер сізге бір жігіт ұнап қалса, күтіп жүре берудің қажеті жоқ. Алғашқы қадам жасап, кездесуге шaқырыңыз. Онда тұрған ештеңе жоқ. Егер алғашқы кездесуден соң жігіт сізді кино немесе мейрамханаға шақырса, оның көңілінің шынайы екеніне күмәнданбасаңыз да болады. Немістерде жай ғана «көңіл көтеру» үшін екінші рет кездесуге шақыру қалыптаспаған.

Қытай

Қытайда алғашқы кездесуге жігіттің өзі бармайды. Жігіт ғашық болған қызымен кездесуге ең жақын досын жібереді. Ол кеш бойы досының қандай жақсы жігіт екенін айтып, мақтап отыруға тиіс. Қызығы, соңында есепті жігіттің досы төлейді. Қытайлықтар көп әзілдесіп, қаттырақ сөйлегендіктен, кездесуді кафе, мейрамханаларда өткізеді. Кездесуден соң жігіт көңіліңізден шықсын, шықпасын сізді үйіңізге дейін шығарып салуға міндетті. Егер ол жігіттің сізге деген көңілі шынайы болса, одан артық отағасын табамын деп әуре болмаңыз. Себебі, Қытайда ажырасу өте аз кездеседі.

АҚШ

Бұл елде үйленіп, отбасын құру көрсеткіші өте жоғары. Десек те, отбасылардың 47%-ында еркек не әйел екі рет некеде болған екен. Яғни, бұл ел ажырасу бойынша әлемде алдыңғы орындардың бірінде. Әлемдегі заманауи, дамыған, ең бір үлкен қала New York бүгінде «жалғыздардың қаласы» саналады. АҚШ-та ажырасу процесі оңай емес екенін ұмытпаған жөн. Сондықтан америкалықтар үйленер алдында арнайы келісімшартқа отырады. Америкалық жігіттердің арасынан романтиктерді кездестіру қиын. Олар мейрамдарда болмаса былайғы күндері гүл сыйлай бермейді. Және кездесуден соң қыздарды үйіне дейін шығарып салуды жат санайды.

Жапония

Шетелдік қыздарға жапон жігіттеріне тұрмысқа шығу қиынға соғады. Бұл елде кез келген ер адамның көңілдесімен ашық түрде көңіл көтере беруі қалыпты жағдай. Бірақ олар әйелдерін өмірлік серігі ретінде құрмет тұтып, бірінші орынға қояды. 

Үндістан

Сіз ер адамның жылағанын жиі көресіз бе? Жоқ! Ендеше үнді жігіттерінің жылау арқылы эмоциясын шығарып алатынына үйрене бергеніңіз жөн. Олар жасын төгіп, жеңілдеп алудан ұялмайды.

Египет

Бұл елде кез келген қыз өзін ханшайымдай сезінеді. Себебі, мұндағы жігіттер қызға деген сезімі үшін аспандағы айды алып беруге дайын. Бірақ келісім бермес бұрын египеттік жігіттердің қызуқандылығын, қызғаншақтығын ескергеніңіз абзал. Үйленген соң жігіттерге, қыздарға деген достық сезімді біржола ұмытуға тура келеді. Жолдасыңыздың барлық досымен танысамын деп үміттенбеңіз, себебі, қонақтықтарға жұп болып бару деген бұл елге мүлде жат. Тұрмысқа шыққанға дейін қалаған киім киіп, кез келген хауызға шомылуға болады. Ал отбасын құрған соң ол киімдеріңізді ауылдағы сіңліңізге беріп жіберуге тура келеді. Не болмаса өкініштен өртеп жіберіңіз. Египеттік жігіттер әйелдерін өте қатал ұстағанымен, көңілді, романтик, бірінші кезекке отбасын қояды.

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: Vk.com

Дайындаған: Шерхан Талап
Қосылған күні: 09 сәуір 2014, 18:08
Пікірлер
+0
10 сәуір 2014, 10:44

Германияныкы дұрыс па деп қалдым, екінші рет кездесуге сенімді түрде баратын ))) Бізде қалыптасқан система жоқ шығар

+0
14 сәуір 2014, 00:41

Жапонияда ер адамның көңілдесімен кездесе беруі жайлы алғаш естіп тұрмын(((

+0
14 сәуір 2014, 23:56

жазбаңыз қызықты

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.