Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

Тек сол адам...
Тек сол адам...

Автор: Әсел Асанова

Статус: Редактор

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Арнайы жобалар / 15 СӘУІР - 2012 / Ғашықтар күніне не сыйлауға болады?

Ғашықтар күніне не сыйлауға болады?

Ғашықтар күніне не сыйлауға болады?

Селт еткізер - көңілі қалаған бойжеткен қызға жас жігіттің ескерткіш сый-сияпат ұсынуы. Ол жігіттің ойын сезген сезімтал қыздар әрине «селк» ете қалады. Сондықтан да бұл сый "селт еткізер" деп аталған. Жаңадан тойлана бастаған Ғашықтар күнінде осындай бұрыннан келе жатқан салтымызды жаңғыртып, осы мерекенің дәстүрлі сыйлығын бекітуді ұсынамыз. Жігіттер ұнатқан қызына шашбау, не қазір дүкендерде толып тұрған көздің жауын алар шашқа арналған түрлі әшекейлерді сыйласа, ешбір қыз бас тартпайыны анық. Шашының ұзын-қысқалығына қарамай, әр бойжеткенге үйлесетін әдемі де қымбат сый болатын шаш қыстырғыш табуға болады. Техноны жаны сүйетін сұлулар үшін мына кеңестер кәдеңізге жарап қалар. 

Ал бойжеткендер сезімін ешқашан ашық жеткізбеген, артық сөзсіз ұсынған кестелі орамалы оның "оң" жауабын білдірген. Жігіттерге сыйлық табу әрдайым қиын. Сондықтан, біздің ұсынысымыз, осы мереке күнге арнап, қыздар әдемі орамалға кесте тігіп, жүрегіне жақын адамға сыйласа, есте қаларлық ерекше тарту болар еді.

Тек ғашықтар күніне ғана емес, сүйіктіңізге кез келген күні қуаныш сыйлай білу керек. 15 сәуір – Қозы-Көрпеш - Баян Сұлу күні болып белгіленгенімен, келесі күні сіздің сезіміңіз сөніп қалмайды. Тосыннан берілген сыйлық адамды одан сайын ерекше таң қалдырып, көңіл-күйін көтереді.

Назарыңызға қос ғашыққа арналған заманауи ерекше сыйлықтар қатарын ұсынамыз.

Көптің көңілінен шыққан сыйлық – бақытты және ғашық адамдарға арналған сағат.

Ал мынау бұрыннан белгілі өз қолыңыздан жасауға жеңіл идея – екеуге арналған қолғап.

Бұдан да оңай және сан түрлі нұсқасы көп идея – қос жастық, кесе, футболкаға салынған қызықты суреттер. Сізге керегі –ақ немесе түссіз (кесеге) негіз және матаға арналған не акрил бояу. Немесе нобайын сызып, принтті кез келген нәрсеге салып беретін көптеген фирмаларға жүгініңіз.

Бірнеше сәтті мысал:

Жұп кеселер – өте әдемі көрінеді, бірақ шынымен сәнді және ерекшесін табу қиын:

Ұқсас тақырыпта: жігіт – бұрыш, қыз – тұз. Немесе керісінше:

Ыдыс тек ерекше ғана емес, қызықты да болуы мүмкін.

Мына заңнаманы жүктеп алып, қағазға шығарып, қасына екі шекараға бөлінген ыдысты қосып сыйлауға болады. Ыдысты өзіңіз де бояп, екіге бөле аласыз. "Е", "Ә" әріптерінің орнына өз есімдеріңізді жазуға болады. 

 

Жүктеп алу


Ғажайып туынды. Roly Poly – алыста жүрген екі адамға арналған құрылғы. Оны Сингапур Ұлттық университетінің өнеркәсіптік дизайн бөлімі ғалымдары ойлап шығарған. Оның идеясы – екі адамға телефон не ғаламтор арқылы қол жеткізе алмайтын бір-бірін қашықтықтан физикалық (дәлірек тылсым) сезіну мүмкіндігін беру. Жиынтықта екі «жұмыртқа» бар. Оның жұмыс жасау принципі қарапайым: Бір адам өзінің құрылғысын қозғалтқанда, осы сәтте бірнеше шақырым жердегі екінші сыңары да теңселеді. Осылайша көзіне көрінбей, жанында болғандай болады. Бұл қашықтықтан осылай араласу мүмкіндігін беретін әлемдегі бірінші және әзірге бірегей құрылғы.

Мына орындыққа назар аударыңыз. Сіз өз сүйіктіңізді қанша уақыт тізеңізге алып отыра аласыз? Арнайы сіз үшін бірге отыруға ыңғайлы кресло жасалып шығарылды.

Ғашықтарға арналған өте қызықты сақина. Егер оны шешсеңіз, саусағыңызда жүректің ізі қалады. Бұл өзгеге көз салудан қорғауға септігін тигізеді.

Екі адамға бір қолшатырды ұстау ыңғайсыз болып жатады, жұптың біреуі міндетті түрде жаурап қалады. Сіздер үшін дизайнерлер екі адамға арналған қолшатыр жасап шығарды: жаңбыр астында да әрдайым бірге боласыздар.

Өз қалтаңыз бен ниетіңізге қарай ұнаған сыйлықты сүйіктігіңізге сыйлаңыз. Біз ұсынған дәстүрді де аяқ асты етпей, осы мерекенің кең таралған тұрақты "символ" сыйлығына айналдыруға ат салысатындығыңызға сенімдіміз.

Сурет: forum-grad.ru, facta-manu.ru, wizardfox.net, adyrna.kz

33570 25
Рейтинг: +3

Қосылған күні: 10 сәуір 2012, 23:50
Пікірлер
+0
11 сәуір 2012, 00:29

жаксы кеңестер! қолда жүректің ізі қалатын сақинаны қайдан сатып алуға болады екен м?))))))))))

+0
11 сәуір 2012, 09:55

сақина кішірек көлемде болса,қалаған ізіңіз онсызда қалатын секілді ғой)))

+0
10 қаңтар 2013, 21:16

мыналарды қайдан алуға болады!

+0
11 сәуір 2012, 09:15

8 наурыздан әрең өтіп еді. енді міне... :? қашып кетемін ғой дейм

+0
11 сәуір 2012, 09:20

:lol: :lol: :lol: :lol: :lol: :lol: :lol:

+0
11 сәуір 2012, 09:25

мммммммм, қалай күшті, маған суреттегі қолшатыр мен қолғап ұнап тұр)))))))))

+0
11 сәуір 2012, 10:15

Шаш қыстырғыш керемет екен :mrgreen: :mrgreen: :mrgreen:

+0
11 сәуір 2012, 10:57

жүздері ыстырашный екен...

+0
11 сәуір 2012, 10:58

Не дисіз???

+0
11 сәуір 2012, 11:03

жүздері ұзыыын, үшкір, қорқынышты екен дим :)

+0
11 сәуір 2012, 11:05

аа, жақсы ғой, зато шашыңды жақсы ұстап тұрады :D

+0
11 сәуір 2012, 10:23

кестелі орамал тігемін )

+0
11 сәуір 2012, 10:56

кімге???

+0
11 сәуір 2012, 12:06

мен Шымкент жақтан кутіп жүрм кестелі орамалды... десең :D

+0
11 сәуір 2012, 11:13

аха, саған, "екеуге арналған қолғап". 15 сәуір қыста ма еді?

+0
11 сәуір 2012, 11:18

Қызылжарда әлі қыс)))))))))

+0
11 сәуір 2012, 12:32

керемет сыйлықтардың түрлері, әсіресе кестелі орамал :)

+0
11 сәуір 2012, 12:55

Бәрінен бұрын сағынғаным-ай.......

+0
11 сәуір 2012, 17:29

маған кім кесте тігіп береді екен

+0
11 сәуір 2012, 17:33

Кімге шашбау сыйласаңыз, сол қыз тігіп берер, ИНшаАЛЛАһ. :)

+0
11 сәуір 2012, 18:38

керемет!!!!

+0
12 сәуір 2012, 17:48

кестелі орамал ма?! :roll:

+0
10 наурыз 2014, 19:58

Жақсы идеялар, көп көмегі тиді рахмет!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...