8 наурыз. Тілектер. Құттықтау сөздер

Аяулы анам, сені көктемнің 8 наурыз әйелдер күнімен құттықтаймын! Мереке күні адал махаббат жылуын, шынайы сүйіспеншілік шуағын тілеймін! Асқаралы атақ пен берекелі беделің болсын, ана!

Маған арнап бар асылды жинадың,

Мейіріміңді, жүрегіңді сыйладың,

Әлем сенің табаныңда бас иер,

Жан анашым, құтты болсын мейрамың!

Саған сәттілік пен шаттық көңіл серік болсын! Әрдайым әдемі, жылы жүректі аналық абыройлы атағың биіктей берсін! Әрқашан шаңырақтың берекесі, ырыстың ұйтқысы болып, жанұяның жылылығын сақтай бер! Бақытты да баянды өмір кеш, әлемдегі ең керемет АНА!

Жас ақындардың ана туралы өлеңдері

Қыздар, қызғалдақтар, мерекелеріңіз құтты болсын! Көктемнің гүліндей құлпырып, әсемдіктің, әдеміліктің, әдептіліктің иесі болып қала беріңіздер!Жанарларыңыз әрдайым нұр шашып, жүздеріңіз күндей күлімдеп жүрсін! Көңілдеріңіз көктемдей көрікті болсын! Зор денсаулық, мәңгі жастық пен сұлулық тілеймін!

Жанарына сыр тұнған,

Жүрегінде жыр тұрған.

Құтты болсын мерекең,

Қызғалдақтар құлпырған!

Әрқайсыңыздың жан-жүректеріңізден ертеңгі күнге деген сенім мәңгілік айнымасын! Дидарларыңыздан арай тарап, ажарларыңыздан шешек атсын, қыздар!

8 наурыз. Қыздар жайлы әзілдер 

Әпке, халықаралық әйелдер күні құтты болсын! Уақыттың биігінен, мезгілдің мінберінен көріне бер! Аспаныңыз ашық болсын! Ыстық сезімің суымасын! Бақытты бол, бай бол! Ғұмырың ұзақ, махаббатың баянды болсын! Құлағанда сүйенген аяулы әпкем, менің тірегім, бұл мереке саған бар бақытты себелесін!

Әйелдер туралы жазушылар не дейді?

Қарындасым, 8 наурыз мейрамыңмен! Ұйқың шала болса да, күлкің шала болмасын! Күліп-ойнап, еліктің лағындай еркелеп жүре бер! Жүзіңдегі шаттық кірлемесін! Үздіккен арман, үзілмес үміт тілеймін! Ақ бұлақтай мөлдір, Күн нұрындай жарық бол! Басыңа бақ құсы қонсын! Ағаларыңа сүйеніш, анаңа қамқоршы бол!

Әлемнің мәні – Әйелде!

Сүйіктім! Аяулы аруым! 8 наурызыңмен құттықтаймын. Жан дегенде жалғызым, басымдағы бағым, өмірімнің сыйы, саған бұл мереке ғаламның бар асылын әкелсін! Екеуміздің кіршіксіз махаббатымызға дақ түспей, ғұмыр бойы бақытты өмір кешуге жазсын! Сүйгенім, өзіңді бұл күні ғана емес, мәңгі сүйіп өтемін...

Әйел – сегізінші кереметі әлемнің