Жан-жануар,төрт түлік мал туралы мақал-мәтелдер

Жан-жануар,төрт түлік мал туралы мақал-мәтелдер

Ат болатын тай саяққа үйір,

Адам болатын бала қонаққа үйір.

***

Қулық құлын жанды.

***

Құлындаған биеден, құдықтағы су артылмайды.

***

Саулықтың жасы үлкен,

Қошқардың басы үлкен.

***

Түйе – шудасын,

Жылқы жалын, Сиыр мүйізін төсейді.

***

Жақсы айғырдың үйірін ат жақтайжы.

***

Байтал шауып бәйге алмас.

***

Ел көркі – мал, өзен көркі – тал.

***

Бір түлікке бай болғанша,

Әр түлікке сай бол.

***

Түлік – төлден өседі.

***

Малы бардың назы бар.

***

Семіздік аяғы сегіз.

***

Малдың жайын баққан білер,

Оттың жайын жаққан білер.

***

Мал жайған малдың жайылғанына тояды.

***

Жоғалып табылған мал олжа,

Ауырып жазылған жан олжа.

***

Мал жуасы – қой,

Аң жуасы – қоян.

Форумда талқылау

Сурет kerek.info сайтынан алынған