«Жұлдыз FM» – 3 жаста

«Жұлдыз FM» – 3 жаста
Фото: massaget.kz

Халықтың көңілінен шығып, сүйікті радиосына айналған «Жұлдыз FM» бүгін 3 жасқа толып отыр. Осындай уақытта біршама тыңдарман жинап үлгерген радионың мерейлі күнімен Massaget.kz порталы шын жүректен құттықтайды!

Біз, Massaget.kz порталы, бұл ұжыммен бір жыл тығыз байланыста жұмыс жасап келеміз. Аптасына 3 рет "Таңғы шоу" және 5 рет "Кешкі шоуда" неше түрлі қызықты ақпаратпен бөлісеміз. Осы байланысымыз берік, біріге атқаратын жұмыстарымыз сәтті болсын! Әр ұжым мүшелеріне креативті идея, толағай табыс тілейміз!

Жасай бер, жұлдыздардың шоғыры – «Жұлдыз FM»!

Г. Берік