Айжан Кәрібай "Жұлдыз FM" радиосынан кетті

Айжан Кәрібай "Жұлдыз FM" радиосынан кетті
Фото: Instagram.com

Жастарға арналған "Жұлдыз FM" радиосының жүргізушісі Айжан Кәрібай тұрмысқа шығып, өз қызметінен кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Айжан "Таңғы шоу" мен "Сәлем саған, туған ел" шоу-бағдарламаларын Жасұлан Қалимен біріге жүргізетін. Аз ғана уақыттың ішінде "Жұлдыз FM" радиосы көп тыңдарман жинап, танымал болды. Қазақ жастарына арналған алғашқы радионың жүргізушілігіне бүгінде кастинг жүріп жатыр.

Айжан осыған дейін СТВ каналында "Жұлдыз FM" радиосының дауыс беру бағдарламасын жүргізген еді.

Қазір Айжан Кәрібайдың орнын радионың "Жаңалықтар" бағдарламасына жауапты Анар Мынбаева уақытша басты.

Айжан бір апта бұрын Диас Жорабеков атты жігітпен отау құрған еді. Айжан мен Диасқа отбасы берекесін тілейміз!

Ф. Абилова