Мөлдір Әуелбекова "Жұлдыз ФМ" радиосына қонаққа келеді

Мөлдір Әуелбекова "Жұлдыз ФМ" радиосына қонаққа келеді
Фото: baistars.kz

Бүгін, яғни 2 қыркүйек күні "Жұлдыз ФМ" радиосына танымал әнші Мөлдір Әуелбекова қонаққа келеді.

Сағат 13.00-де болатын "Сәлем саған, туған ел!" бағдарламасына қазақ эстрадасының әншісі Мөлдір Әуелбекова келеді. Мөлдір халыққа "Ғашық жүрек" фильміндегі басты рөлімен танылған еді. Баян Есентаевамен бірнеше жыл біріге істеп, "КешYOU" тобында өнер көрсетті. Кейіннен жеке әнші болып "Shine" продюсерлік орталығынан бөлек кетті.

Құрметті оқырман, сағат 13.00-де болатын "Сәлем саған, туған ел!" бағдарламасын жіберіп алма!

Ф. Абилова