Битбокс орындайтын «VID MEN» тобы «Жұлдыз FM» радиосында

Битбокс орындайтын «VID MEN» тобы «Жұлдыз FM» радиосында

4 наурыз күні сағат 15:00-де «Жұлдыз FM» радиосының «Жұлдызды қонақ» бағдарламасына «X-Factor» жобасының финалисі «VID MEN» тобы келеді. Бұл әншілер музыканы акапелла түрінде айтып, битбокс әдісін қолданады. «VID MEN» тобының репертуарында поп-музыка, дабстеп, хип-хоп секілді стильдерде орындалатын әндер бар. Егерде «VID MEN» тобына қояр сұрақтарыңыз болса, 3-888 101 байланыс телефонына хабарласыңыздар.

Сурет:kaztube.kz 

Н. Нұрмаханұлы