Өмірқұл Айниязов Жұлдыз FM радиосында қонақта

Өмірқұл Айниязов Жұлдыз FM радиосында қонақта

Қымбатты Жұлдыз FM радиосының өнерсүйер қауымы! Еліміздің өнер саласында бой түзеп, қазақ эстрадасында алатын орны ерекше - әнші, термеші, жыршы - Өмірқұл Өтегенұлы Айниязов 28 қаңтар күні сағат 15:00 «Мәдениет жаңалықтары» бағдарламасына қонаққа келеді.

Өмірқұл Айниязов – Талдықорған қаласындағы облыстық Сүйінбай атындағы филармониясының әншісі. Ол «Серпер» жастар сыйлығының лауреаты, Қазақстанның мәдениет қайраткері. Халық арасында «Ақтанкерейдің термесі», Жиенбай жыраудың «Қыздар-ай», Тұрмағанбеттің «Ел үші туған ер болсаң» атты термелерімен аты танылған. Қазіргі таңда Өмірқұл қазақ әндерін биікке самғатып, ұлт жанашыры ретінде терме мен жырды ешбір қоспасыз халық құлағына жеткізуде.

Сурет: www.elarna.com

Н. Нұрмаханұлы