"Реал" Жаңа жыл мерекесімен құттықтайды (видео)

"Реал" Жаңа жыл мерекесімен құттықтайды (видео)

Мадридтік «Реалдың» президенті Флорентино Перес, команданың бас бапкері Карло Анчелотти, қақпашы Икер Касильяс, қорғаушы Серхио Рамос және өзге де "корольдік клуб" мүшелері сіздерді келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтайды...

Ертеректе «Forbes» журналы әлемдегі ең бай клубтардың кезекті тізімін жариялаған болатын. «Корольдік клуб» соңғы жылдары ең көп табысқа кенелген екен. Соңғы жылдары команда 650 миллион доллар табыс тауып, соңғы үш жылда клубтың жалпы ақшалай түсімі 62 пайызға жоғарылапты.

Сонымен бірге, "корольдік Реал" клубының бренді өткен маусымның ең табысты футбол бренді болып танылды. "Forbes" журналының анықтауы бойынша, испандық команда өз маркасындағы өнімдердің сауда-саттығымен 3,3 миллиард доллар табыс түсірген.

Клуб басшылығы өз құттықтауын ұсынуда:

Дайындаған: Әкежан Дәкен

сурет: merengues.ru

Л. Лига