Өзін-өзі қорғау сабақтары. Төртінші шығарылым

Бүгінгі сабағымыз Израилде негізі қаланған "Крав-мага" атты қолма-қол ұрыс түріне арналады. Бұл ұрыс түрінің мақсаты өмірге төнген қауіпті тез арада бейтараптандыру. Шектелген ережесінің жоқтығының арқасында қорғанудың бұл түрін кез-келген жастағы адам үйрене алады.