Сан түрлі сауал. 15-шығарылым

Бір нәрсені жақсы білсең де, біреу сұраған кезде жауабын ұмытып қалатын жағдайлар күнделікті өмірде жиі кездеседі. "Сан түрлі сауалдың" бүгінгі шығарылымындағы кейіпкерлер де бізді көріп, білетін сұрағының жауабын ұмытып қалды деп ақтағың келеді. Өйткені, жастарды "Көшпенділер" трилогиясының авторын, Қазақстан Республикасының жер көлемін білмейді дегенге қимайды екенсің. Назарларыңызға жобамыздың кезекті санын ұсынамыз!