Сан түрлі сауал. 14-шығарылым

Кейде көшеде бас киімінің маңдайшасына "Қазақстан" деген жазуды жазып алған жастарды көріп "Неткен патриот" деген ойға келесің, сондай жастарды іштей мақтан тұтасың. Кейде қазақша сөйлегеніне еш қымсынбайтын, керісінше сонысымен өзгелерден ерекшеленіп тұратын шет елден көшіп келген қандастарымызды көріп "Жарадың, бауырым!" деп, қуанасың! Кейде бірнеше тілде сөйлейтін оқушыларды көріп мәз болып, "Керемет!" деп таңданасың! Осындай кейіпкерлер "Сан түрлі сауалдың" шығармашылық ұжымына жолықты. Оларға әдеттегідей тарихи тұлғаның суреті көрсетіліп, әрбір қазақ баласы білуге тиіс тарихи оқиға мен көп қолданыла бермейтін "Әбірет" сөзіне қатысты сауал қойылды. "Неткен патриот!", "Жарадың, бауырым!" мен "Керемет!" бұл сұрақтарға қалай жауап берді екен? Оны видеодан көре аласыздар!