"Жұлдыз FM" радиоконцерті. Рүстем Нұржігіттің орындауындағы әндер.

Естеріңізде болса, осыдан бір апта бұрын порталымызың серіктесі "Жұлдыз FM" радиостанциясына 1 жыл толып, сол бір айтулы күннің құрметіне радиомарафон мен радиоконцерт ұйымдастырылған болатын. Біз радиомарафонды тікелей эфирден порталымызда көрсеттік, ендігі кезек радиоконцерттерге келді. Ендеше, "Жұлдыз FM" радиостанциясының туған күніне орай өткен Рүстем Нұржігіттің радиоконцертіне назар салыңыздар! Алдағы күндері басқа да радиоконцерттерді порталымызға жариялаймыз, бізбен бірге болыңыздар!