Үстірт құпиясы

Осыдан мыңдаған жыл бұрын Каспий мен Аралдың ортасындағы кең алқапта үлкен теңіз болған деседі. Уақыт өте ол теңіздің суы тартылып, орны құмды, сазды және сортаң алқаптарға, сай мен жыраға толы, тылсымы мен құпиясы көп Үстірт даласына айналады. Еліміздің батысында орналасқан бұл аймаққа бүгінде тек қазақстандық емес, шетелдік туристер де баруға асығады. Назарларыңызға Үстіртке асыға барушылардың бірі түсірген видеоны ұсынбақпыз. Бұл туынды ғажап мекеннің құпиясын аша алды ма?