Үстірттің ғажайып көріністері

Ежелгі мұхиттан қалған, уақыт өте жел мен күннің әсерінен мүжіліп, бүгінгі кейпіне енген таңғажайып мекен – Үстірті жазығы. Сайлар мен жыраға толы құмды алқаптар, ойпаттар, кеуіп қалған көлдердің сазды және сортаң орындары, сұр құба түсті топырағы – осы мекенге тән сипаттау. Еліміздің батысында орналасқан табиғаттың ғажабы құпияға толы. Сол құпияларды ашу үшін Үстіртке ат басын бұрған "Ковчег" ұжымы "Үстірт. Мәңгілік лабиринті" атты видео дайындаған екен. Назар салыңыздар!