3 жыл бойы түсірілген видеоселфи

Танымал саяхатшы Алекс Чакон өзінің үш жылда түсірген селфилерін топтастырып, үш минуттық видео жасап шығарды. Бұл видеоға қажет материалды жинау үшін ол 600 күн ішінде 36 мемлекетті аралап, мотоциклмен 200 000 шақырымнан астам қашықтықты жүріп өткен. Нәтижесі таңғаларлық.