"Марстық" фильмі қалай түсірілді?

Көрерменнің сұранысы өскен сайын киногерлер өз туындыларында спецэффектілер мен 3D графикасын жылдан жылға жиірек пайдаланып жүр. Тіпті, қазіргі кезде қарапайым деген нәрсеміздің өзі компьютермен жасалған дүние болып шығуы ғажап емес. Бір жағынан көріп отырған дүниеңнің жартылай ойдан құрастырылғанына налисың, бір шетінен адам ойының ұшқырлығына таңданасың. Қалай болғанда да киногерлер бізге экранның арғы бетінде болып жатқан оқиғаны барынша шынайы етіп көрсетуге ұмтылады. Сол себепті қолданалып жатқан жаңа технологиялар фильмді рахаттанып көруімізді қамтамасыз етудің бір амалы деп түсінгеніміз дұрыс. Назарларыңызға режиссер Ридли Скоттың 2015 жылы шыққан "Марстық" ("The Martian") фильмі қалай түсірілгенін, онда қандай спецэффектілер жасалғанын баяндайтын видеоны ұсынамыз.