Ұлытауға екі минуттық саяхат

Естеріңізде болса, осыған дейін тарихы тереңде жатқан Ұлытау өңіріне "Nomad Explorer" ұжымы "Ұлытау мұрасы" атты экспедиция ұйымдастырғанын хабарлаған едік. Порталымызға сол сапар барысынан дайындалған арнайы фото топтаманы да жариялағанбыз. Бүгін назарларыңызға экспедициямен қатар жүріп, Ұлытау өңірін видеоға түсіріп келген "Photosafari KZ" ұжымының шығарған туындысын ұсынбақпыз. 7 күнге созылған сапарды 2 минутқа сыйдырған видеоны тамашалаңыздар!