Көп таңбалы сандарды тез көбейтудің жолы

Жапон халқы көп таңбалы сандарды тез әрі оңай көбейту жолын біледі. Ол үшін көбейту кестесін жатқа білу міндетті емес. Тек қасыңызда қалам мен қағаз болып, санау білсеңіз жеткілікті. Бұл тәсіл бір қарағанда күрделі көрінгенімен, дұрыстап түсініп алсаңыз, бағандап көбейтуге қарағанда әлдеқайда жеңіл.