Күлбикеш (Золушка) фильмінің дубляждалған трейлері

Көктемде әлемге әйгілі "Күлбикеш" блокбастері қазақ тілінде көрсетіледі.

Фильмдегі өгей шешені – Күнсұлу Шаяхметова, күлбикешті – Шахназа Қызыханова, ханзаданы – Тимур Пиязов, Пері-кіндік шешені – Сауле Тұрдаханова, капитанды – Азамат Қанапия сынды қазақстандық актерлер дыбыстады.

1697 жылы Күлбикеш ертегісін алғаш рет Шарль Перро әңгімелеген еді. Ал оны экран бетіне шығарған Disney-дің арқасында бұл туынды бүкіл әлемге танылды.